Түркістанда қоғамдық көлік жаңартылып жатыр

Түркістан қаласында қоғамдық көлік мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Бүгінде рухани астанадағы жолаушылар тасымалы реттеліп, қызмет сапасына жақсы көңіл бөлініп отыр. Нақтырақ айтқанда, шаһардағы «Жолаушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетіп жатыр.

Айта кету керек, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аталған тасымалдаушы мекеме «Ютонг» маркалы 8,5 метрлік 21 жаңа автобус сатып алған болатын. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында тағы 5 жаңа автобус сатып алынып отыр. заман талаптарына сай келетін жаңа автобустар жолаушылар тасымалына  өте ыңайлы екенін айта кету керек. Мәселен оларда кондиционер, электрондық табло, жарнамалық монитор және камералар қарастырылған. Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту арқылы жолаушыларға сапалы қызметтер көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері оңтайлы шешілуде.
Сондықтан, облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*