Өңірлік Коммуникациялар қызметінде Түркістан қаласы әкімдігінің сала басшылары жылу маусымына қатысты баспасөз-брифингін өткізді.
Белгіленген нормативтерге сәйкес, қала әкімінің қаулысымен Түркістан қаласында 20 қазаннан бастап жылу беріледі. Қазіргі таңда қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелерде қысымдау, шаю жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, әкімдік жұмыс жүргізілу барысында үйде болуларыңызды және жауапкершілікпен, мұқият қарауларыңызды сұрайды. Апаттық жағдай орын алған жағдайда жедел қызмет көрсету бригадасын шақыру үшін 109 колл-орталығына хабарласуға болады.
Биылғы жылғы жылыту маусымына дайындық барысында мекемеге қарасты 17 жылу қазандығы мен 55,3 шақырымдық жылу құбыры тексеруден өтіп, қысымдау жұмыстары жүргізілген. Жылу қазандықтарының негізгі отын түрі – табиғи газ.
Қаладағы 219 көпқабатты тұрғын-үй, 65 әлеуметтік нысан, 60 кәсіпкерлік нысан, 33 жер теліміндегі үйлер жылу жүйесімен қамтылады. Шаһардағы автономды көпқабатты тұрғын үйлер саны 160-ты құрайды.
Бұл туралы брифингке қатысқан Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тілеш және «Жылу» КММ басшысы Ерғазы Рысбеков баяндады.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы бойынша өткізілген жиын маңызды қадам болып табылады. Жиында құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, жедел сатыдағы қызмет көрсетуші мекемелердің тиімділігі, сондай-ақ шешімін таппай келе жатқан мәселелер […]
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) аймақтармен байланыс жөніндегі өкілі Марат Такенов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл ҚФФ өкілдерінің өңірге алғашқы ресми сапары емес, алайда бұл жолғы кездесулер мен талқылаулар – ерекше маңызға ие. Сапар аясында […]
Қазіргі таңда еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақтың сапалы білімге ұмтылысы ерекше қуантады. Түркістан қаласы оқушыларының тек ұлттық емес, халықаралық деңгейде де топ жарып жүргені – соның айқын дәлелі. Бұл жетістіктер олардың бойындағы ізденіс рухының, білімге […]
Пікір қалдыру