Түркістанда дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің, ДДА жақтастарымен жұмыс жүргізетін дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеру мақсатында өткізілетін семинар өтізілуде. Семинардың мақсаты – қазіргі қоғам діни салада кездесетін негізгі проблемалар мен міндеттерді терең және жан-жақты қарастыру. Семинар конфессияаралық татулық пен келісімді нығайтуға, діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ діни экстремизм мен радикалдануға тиімді қарсы тұрудың стратегияларын әзірлеуге бағытталған.
Шара барысында діни ұйымдар мен мемлекеттік институттардың өзара іс-қимыл мәселелері қаралып, діни қызметті реттейтін заңнамалық базаны жетілдіру жолдары талқыланып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары айқындалады. Жастарды толеранттылық пен діни әртүрлілікті құрметтеу рухында тәрбиелеу мәселелеріне, сондай-ақ қоғамның адамгершілік негіздерін нығайтудағы діни институттардың рөліне ерекше назар аударылатын болады.
Семинар жұмысына қала, аудан ішкі саясат бөлімдерінің дін саласындағы жауапты мамандары, оңалту жұмыстарымен айналысатын теолог-дінтанушы мамандар мен ҚМДБ дін қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысуда.
Спикерлер: «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы; Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы; «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының Шымкент қаласы бойынша басшысы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы; Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» факультетінің декан орынбасары, психолог Жарқынбаева Динара Сабитқызы.
Түркістан қаласында жыл басынан бері кемшіліктері анықталған 100-ге жуық ойын және спорт алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Жаңа қала шағын ауданындағы 11 көше 29/1 үй, 37/3 үй, 27/2 үй ауласындағы ойын алаңшалары да ретке […]
«Ұлы дала елі» ғимаратында «Ислам және дәстүр құндылығы – қайырлы ұрпақ, ізгі қоғам кепілі» атты маңызды жиын өтті. Бұл шараның басты мақсаты – Қазақстандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық дәстүрлі құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамда […]
Түркістан қаласында Қазбек би көшесі мен Жарылқапов көшелері арасындағы жол күрделі жөндеу жүмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылға арналған жоспар бойынша, қалада 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 41,7 шақырымдық 40 […]
Пікір қалдыру