Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге арналған «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы ұйымдастырылды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысып, мемлекеттік рәміздер ұлықталды.
Форумның ашылуында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек рәміздерге деген құрмет егемендіктің белгісі екенін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Қасиетті Отанға, туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілік оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін қасиетті нышандар. Оларды қадірлеу – біздің азаматтық борышымыз», – деді.
Шараны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасы мен «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Мемлекеттік Әнұранмен басталған форумда мемлекеттік рәміздерге арналған көрме өткізілді. Қала әкімінің орынбасары мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтіп, олардың ел тарихының, мәдениетінің және руханиятының көрінісі екенін жеткізді.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Алтеев те сөз сөйлеп, жастарға мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиеті туралы ой қозғады. Ол: «Еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы – Республика күні баршамыз үшін маңызды. Әрбір қазақстандық Отанымыздың өркендеуі үшін өз үлесін қосуы керек. Бұл мерекеде жастардың патриоттық сезімдерінің артқаны көрініп тұр», – деп, патриоттық тәрбиенің маңызды екенін айтты.
Форум барысында мемлекеттік рәміздерге арналған шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. «Үздік іс-шара» номинациясы бойынша бас жүлдені — Төлеген Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Мектеп оқушылары әлеуметтік желіде көп қаралым жинаған бейнеролик дайындап, жобаға зор үлес қосты.
Форумның соңында Шымкент опера және балет театры мен «Шымкент концерт» ұйымының өнерпаздары мерекелік концерт қойып, форумды ерекше көңіл-күймен аяқтады.
Республика күніне арналған бұл шара жастардың патриоттық сезімдерін нығайтып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті.
2025 жылғы 3 қыркүйекте Шымкент қаласындағы №45 мектеп-гимназиясында 8-сынып оқушыларымен маңызды профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға І аусымның директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Конгирбаева, Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының Ювеналды полиция бөлімшесінің […]
«Тағы бір мәселе. Өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады. Алайда олардың көбінің жұмысы мәз емес. Бұл мәселе бойынша әңгімелер талай рет айтылды. Үкімет арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру үшін терең сараптама […]
Театр өнері адам жанының тереңдігін ашып, қоғамды рухани тұрғыда байытуға үлкен ықпал етеді. Оның құдіреті мен мәні жайлы көптеген ұлы тұлғалар өз ойларын айтқан. Ғабит Мүсірепов театрды «хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп сипаттаса, […]
Пікір қалдыру