Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан»экологиялық акциясы туралы айтты.
Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Мәселен бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Тассай шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шара аясында Алматы тас жолының бойы тазаланды. Бұл іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері белсенді түрде қатысты.
– «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Шымкент қаласының тұрғындарын осы игілікті шараға үлес қосуға шақырамын, – дейді Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбеков.
Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.
Ол елімізде көктемнен бастап «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясы өтіп жатқанын еске салды.
Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
Бұл, президент атап өткендей, «уақытша акция емес, бұл маңызды жоба жыл бойы жалғасуы тиіс».
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында басталған жұмыстар қарқынды жалғасуда. Бүгін Қаратау ауданына қарасты Тұран-2 шағынауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзе асып жатқан «Таза бейсенбі» акциясына жүзден астам адам қатысты. Экологиялық акцияның […]
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Текесу» мен «Ақжар» су қоймалары және канал жағалауларында орналасқан тұрғын алаптарының тұрғындарын және қала қонақтарын, балалар лагерлерінің, демалу орындарының жұмыскерлерін, мекемелердің жетекшілерін шомылу мерзімі қарсаңында өздеріне […]
Шымкент қаласында «SHYMKENT Fest» өнер фестивалі басталды. Бұл байқаудың мақсаты: Бірлік пен береке бастауы, ұлттық дәстүріміздің ұясы саналатын Шымкент қаласының бүгіні мен болашағын өнер арқауына айналдыру. Сондай ақ дарынды жастардың өнерін дәріптеу және олардың шығармашылығын […]
Пікір қалдыру