Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Кеңестің жұмысынаТүркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері, өңірдің аудандары мен қалаларында қызмет ететін қоғамдық және кәсіби медиаторлар қатысты.
Күн тәртібінде негізгі мәселе ретіндеТүркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің ағымдағы жылы ІІІ тоқсандағы атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарлары талқыланды.
Жиында Түркістан облысы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, онда өркениетті елдерде бүгінде медиация институтына мықтап ден қойылып жатқанын, бұл ретте медиация ұғымы қазаққа да жат емес екенін тілге тиек ете келіп:
-«Жалпы медиация, оның ішінде этномедиация жұмыстары Алматы, Жамбыл және Түркістан өңірлерінде жақсы деңгейде екендігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылдың маусым айындағы Атырау қаласында өткен Құрлытайда оң бағасын берген болатын. ҚХА жанындағы Республикалық Медиация кеңесінің бастамасымен елімізде «Елдесу және татуласу» жобасы кең көлемде жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында Түркістан облысының ҚХА жанындағы этномедиация орталығымен этносаралық жанжалдардың алдын алу және болдырмау, орын алған дау-дамайларды медиация тәртібі арқылы бейбіт жолмен шешу мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі кезде осы этномедиация орталығына қарасты өңірдегі барлық 17 аудан мен қалаларда 19 медиация кабинеті жұмыс істесе, онда 56 кәсіби және 170 қоғамдық медиаторлар заң талаптарына сәйкес өз қызметтерін атқаруда. Медиаторлардың жүйелі жұмыстарының нәтижесінде өткен жылы өңірде этнос өкілдерінің қатысумен 131 құқықбұзушылық болса, соның 113-і бойынша медиация тәртібі қолданылған. Биылғы жылдың басынан бері облыс көлемінде этнос өкілдерінің қатысуымен 54 құқық бұзушылық орын алса, оның 31-і медиация тәртібін қолдану арқылы оң шешімін тауып отыр»- деді.
Келелі жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы Этномедиация Кеңесінің 2024 жылғы 5 тамыздағы өткен кеңейтілген отырысында талқыланып, қаралған мәселелер туралы өз кезектерінде Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі Жанат Тәукеева менТүркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Бақытжан Әшірбаев баяндамалар жасады.
Кездесу барысында жиынға қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.
Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты жазғы сауықтыру лагерінде екінші маусымның ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Балалардың шат күлкісі мен жарқын қуанышы көрініс тапқан бұл игі іс-шара – тек жазғы демалыстың басталуы ғана емес, ел болашағы […]
Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Атап айтқанда, 30, 32, 36 көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі мен салаға жауапты басшылардың тұрақты қадағалауында […]
Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 25 қазан – Республика күніне орай тағылымды әрі маңызы зор салтанатты іс-шара өтті. Жиында өңірдегі қоғамдық келісімді сақтау, этностар арасындағы достық пен өзара сыйластықты нығайту, сондай-ақ ел […]
Пікір қалдыру