Қала күні мерекесі аясында бірқатар мәдени-көпшілік шаралар өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай, бүгін Этноауыл аумағында қала күніне арналған шара ұйымдастырылды. Келген қонақтар мен көрермендерге Мәдениет үйінің өнерпаздары тақырыпқа сай әндерін тарту етті. Түркістанның өсіп-өркендеуі және саяси-тарихи тақырыптарға байланысты сұрақтар қойылып, жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ шарада қаламыздағы жалпы білім беретін №9 Некрасов, Мәншүк Мәметова, №15 М.Жұмабаев , №17 Ататүрік т.б мектептерінен жетекшілерімен келген талантты оқушылар табиғат аясында Жаңарған Түркістанды бейнелеп, тоқымашылар, құрақшылар, зергерлер және т.б қолөнер шеберлері көрмесін ұсынды. Бірнеше аудандардан арнайы келген қолөнершілер өздерінің құрақ көрпеше жасау өнерлерін көрсетті. Арнайы Сауран ауданы «А.Қ Орда» мектебінен келген жас өнерпаз Шахарбек Інжу Серікқызы патриоттық сезіммен ән шырқап, тыңдарманның ықыласына бөленді. Құттықтау сөз алған Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы сөз соңында Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақтың қол өнері арқылы Гиннестің рекордтар кітабына еніп, төл өнерімізді әлемге танытуға атсалысып үлес қосқан бірнеше әжелерімізді марапаттады.
Мерекелік шараға келген қонақтар мен көрермендер алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.
Айта кетейік, қала күні қарсаңында көптеген мәдени іс-шаралар өткен болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған шаралардың дені ашық аспан астында өткізілді.
Мереке күні құтты болсын! Қала күнін бірге тойлай берейік!
Түркістан қаласында есірткі құралдарының заңсыз жарнамасы мен насихатын болдырмау мақсатында ұйымдастырылған рейдтік іс-шара балалар мен жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне арналған маңызды қадам болды. Іс-шараны қала әкімдігі мен прокуратура бірлесіп өткізді, оған құқық қорғау органдары, ерікті […]
Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 25 қазан – Республика күніне орай тағылымды әрі маңызы зор салтанатты іс-шара өтті. Жиында өңірдегі қоғамдық келісімді сақтау, этностар арасындағы достық пен өзара сыйластықты нығайту, сондай-ақ ел […]
«Amanat» партиясының қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевпен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдадық. Алдын-ала жазылу арқылы 10 тұрғынның мәселесін тыңдап, шешімін қарастырдық. Негізгі сұрақтар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, қаланы көгалдандыру, коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер […]
Пікір қалдыру