Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.
Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады.
Мемлекет басшысы «Білім-Инновация» лицей-интернатында болды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнындағы білім беру процесінің ерекшелігі мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді. Заманауи үлгіде жабдықталған кешенде шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей сияқты қысқы спорт түрлерімен жыл бойы айналысуға қажетті барлық жағдай жасалған.
Түркістанға сапар қала тұрғындарымен кездесеуімен жалғасты.
Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті
Мемлекет басшысы Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен салынған кешенде «Қоғамдық келісім» мекемесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, сондай-ақ аймақтағы 11 этномәдени бірлестіктің өкілдіктері орналасқан.
Мемлекет басшысы ғимаратты аралап көріп, жергілікті зиялы қауыммен және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен жүздесті.
Қала күні мерекесі аясында бірқатар мәдени-көпшілік шаралар өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай, бүгін Этноауыл аумағында қала күніне арналған шара ұйымдастырылды. Келген қонақтар мен көрермендерге Мәдениет үйінің өнерпаздары тақырыпқа сай әндерін тарту етті. Түркістанның өсіп-өркендеуі және […]
«Amanat» партиясының қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевпен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдадық. Алдын-ала жазылу арқылы 10 тұрғынның мәселесін тыңдап, шешімін қарастырдық. Негізгі сұрақтар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, қаланы көгалдандыру, коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер […]
Республика күніне орай қаламызда 100 түп ағаш отырғызылды. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, зиялы қауым өкілдері, депутаттар, Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігі, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық […]
Пікір қалдыру