«Түркістан – Шәуілдір» автомобиль жолының ІІІ учаскесінде (ПК291 +00 – ПК465 +00) асфальт жабындысын салу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда жолдың жиектеріне шағалы тас төсеу жұмыстары, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл қайта құру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында.
Одан бөлек, аталған жолдың I учаскісінде (11,4 шақырым) қайта құру жұмыстарын бастауға биыл 300,0 млн. теңге қаржы қаралған. Жобаға сәйкес 9 жерде айналма жол ұйымдастарылып, су өткізгіш құбырларын ауыстыру жұмыстары мердігер мекеме «Алем Транс Жол» ЖШС-і тарапынан жүргізілуде. Нысанның қайта құру жұмыстары 2025 жылға өтпелі.
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен тұрақты түрде сапаны бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Айта кеиейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысанды аралады. Облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолын қайта құру құрылысымен танысып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.
Құрылыс басында мердігер мекемелердің басшыларымен кездескен Дархан Сатыбалды бұл жолдың құрылысын уақтылы аяқтаудың, сапасына аса мән берудің маңыздылығын айтып, кемшіліктер бойынша тапсырмалар жүктеген болатын.
Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері облысқа келетін күре жолдардың барлығы жөндеуден өткізіліп жатыр. Соңғы жылдары Түркістан облысында елдімекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Түркістан қаласында 25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында интеллектуалды ойын өтті. Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң бастамасымен ұйымдастырылған. Шараға «Конгресс Холл «көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының […]
В связи с эпидемиологической ситуацией в стране большинство школьников обучаются в онлайн формате. Сегодня в Туркестанской области насчитывается 912 общеобразовательных школ, в которых обучаются 502 737 детей. Из них 446 109 (89,0%) учащихся перешли […]
Түркістан облысында жалпы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 4152,34 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда жолдың 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілуде. Өзге 434 шақырым жол таулы аймақтарда қар қатты басып қалу қаупі […]
Пікір қалдыру