«Спорт күні» мерекесіне орай Алматы қаласында өткен футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде түркістандық команда 3-орынға ие болды. 16 команда бақ сынаған жарыста Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының командасы» үздіктер қатарынан көрініп отыр. Турнирге дайындаған Еркебұлан Құнарбаев – Еуропа футбол қауымдастығы одағының С категориялы жаттықтырушысы.
Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» өз жұмысын бастап, облыс орталығындағы түрлі шараларға мұрындық болып, жүйелі жобаларды жүзеге асырып келе жатқанына 3 жылдан асты. Клубта шахмат, үлкен теннис, стритбол, қазақ күресі, футбол, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен 24 жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазіргі таңда 1400-ге жуық оқушы аталған спорт үйірмелеріне қатысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керегін, сонымен қоса, әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажеттігін айтқан болатын. Қазіргі таңда Жолдаудағы спорт және балалардың шығармашылығын жетілдіру үшін үйірмелерді ашу бойынша тапсырмалар орындалды.
Сонымен қоса, президент өз Жолдауында «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді» деп те айтқан болатын. Осы бағытта да шаралар қолға алынып, жүзеге асқан.
Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыру арқылы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және спорттық әлеуетін арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың жаңа институты енгізілді.
Табиғат — бұл бізді қоршаған орта. Қоршап тұрған ортаның таза да көрікті болуы әрқайсымызға тығыз байланысты. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көмегінсіз-ақ өзін-өзі тазартып алады екен, ал адам […]
Облыс орталығындағы «Яссы» спорт кешенінде «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар спорттың төрт түрінен бақ сынады. Атап айтсақ, 2 кезеңнен тұратын шағын футболдан турнир мен командалық арқан тартыс, […]
Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестивалі басталды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестивальге 5 ауданнан және Түркістан, Кентау қалаларынан 102 бала 12 команда қатысып, спорттың […]
Пікір қалдыру