27 қазан күні «Turkistan Marathon» шарасының өтуіне байланысты, таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады.
Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында орналасып, қатысушылар Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай жүгіріп, мәреге қайтады.
Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өтуіне қарай жарыс жолы ашылып отыратын болады.
Таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін Қожа Ахмет Ясауи мұражайының жанындағы Батырбеков көшесі көлік қозғалысына колжетімсіз. Таңғы сағат 8:15-тен 14:00-ге дейін Бекзат Саттарханов даңғылы (Батырбеков көшесінен Есім хан даңғылына дейін) бойынша қозғалыс тоқтатылады. Таңғы сағат 08:40-тан 12:30-ға дейін Есім хан даңғылымен (Бекзат Саттарханов даңғылынан Түркістан халықаралық әуежайына дейін) қозғалыс тоқтатылады.
Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөреге оңтайлы жол жүру бағытын 2ГИС қосымшасы арқылы көруге болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуын сұраймыз.
Түркістандық БЖМОФМ футболдан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Алматы облысы Қонаев қаласында өткен бәйгеде 14 жастағы жасөспірімдер жарысқан болатын. Топтық кезеңде жерлестеріміз Қостанай, Талдықорған, Шымкент және Петропавл командаларын айқын басымдықпен […]
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Түркістан қаласын дамытуға арналған жиын өтті. Мәжіліске республикадағы барлық облыс, қала әкімдерінің сала орынбасарлары қатысты. Отырысқа дейін шаһарда бой көтеріп келе жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысқан Бірінші […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының «Сауран» және «Бекзат» секторы тұрғындарымен кездесуіне жүздеген адам жиналды. Қала басшысы тұрғын алаптардағы электр желісі, кәріз жүйесі, көгалдандыру, қоғамдық көлік пен білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді тыңдады. Кездесуге жауапты қала […]
Пікір қалдыру