Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті. Өйткені, өңірімізде белсенді, отаншыл азаматтар өте көп.
Қала әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес Түркістанда апта соңында тағы да тазалық шарасы ұйымдастырылып, сенбіліктің соңы көңілді флешмобпен аяқталды. Қ.А.Ясауи кесенесі мен Күлтөбе қалашығының аумағы, Жібек жолы саябағы, Отырар мөлтек ауданында өткен тазарту жұмыстарына 1000-ға жуық адам қатысты. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясындағы шараға қаладағы 6 сектор тұрғындары мен әкімдікке қарасты 14 мекеме қызметкерлері атсалысып, 13 техника жұмылдырылды. Сенбілік нәтижесінде қураған шөптер мен арық-атыздар тазаланып, 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, панкратион спортынан әлем чемпионы Ержан Естанов пен шаһарымыздың қонағы Серғазы Тоқтарбек сенбілік жұмыстарына қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Шаһар халқына жылы лебіздерін білдіріп, түркістандықтардың қонақжайлылығына алғыстарын айтты.
Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің қайта құрылған «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі мен «Яссы» халықтық би ансамблінің 1 жылдығына арналған «Алтын қазыналы жыл» шығармашылық концерті ұлттық нақышта жоғары деңгейде аншлагпен өтті. […]
Фото авторы: Данияр Тұрсынбай Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде би жанры бойынша «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі басталды. Аталған фестиваль Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке […]
Түркістан қаласында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Ене мен келін» сайысы өтті. Қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан 6 отбасы қатысты. Сайыстың мақсаты – еліміздегі […]
Пікір қалдыру