Қытай Халық Республикасында жамбы атудан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатқа әлемнің 11 елінен, атап айтқанда, Аустралия, Малайзия, Түркия, Қытай, Индонезия, Қатар, Қазақстан, Моңғолия, Тайпей, Макао, Пәкстан мемлекеттерінен 60-қа жуық спортшы қатысты. Қазақстанның намысын ұлттық құраманың 4 мүшесі, соның ішінде Түркістан облысының спортшылары – Айтбек Сарыбай мен Батыр Бексауыт қорғады.
Төрт күнге созылған дүбірлі дода «Мажар», «Азия», «Император», «Саран» стильдері бойынша өтті. Жарыстың алғашқы күні спортшылар «Мажар» стилі бойынша сынға түсті. Бұл стильде Батыр Бексауыт үздік үштікке ілініп, қола жүлдегер атанды. «Император» стилі бойынша ұлттық құрама мүшесі Айтбек Сарыбай күміс жүлде иеленді.
Соңғы жарыс күні «Саран» стилі бойынша өтті. Бұған дейін бұл стильде өнер көрсетпеген мергендеріміз абдырап қалмады. Атап айтқанда, Батыр Бексауыт басты қарсыласымыз саналған моңғол спортшыларының алдын орап, алтыннан алқа тақты. Осылайша Түркістан өңірінің өрендері 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жамбы атудан Әлем чемпионатынан олжалы оралды.
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы, мемлекет қажеттілігіне […]
Түркістанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының кешенді жоспары әзірленуде. Өңірдің дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте Түркістан […]
Түркістан қаласының жер көлемі – 22,4 мың гектар. 2024 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша халық саны 233 533 адам. Оның экономикалық белсендісі 87873 адам. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің аудан, қалаларын дамыту жұмыстары […]
Пікір қалдыру