Шымкентте экологиялық шара “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. Акция барысында үшінші мегаполистегі тарихи орындар тазартылды.
Шараға қаладағы 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Олар Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесі мен Еңбекші ауданында орналасқан «Т.Рысқұлов» гүлзарын қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтады.
Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданында орналасқан «Д.Қонаев» және «Ә.Молдағұлова» ескерткіштері аумағында, Абай ауданына қарасты «Темірші әулие» кесенесі мен Тұран ауданындағы Тілеу Айтұлы батыр ескерткішінің айналасындағы шөптерді орып, ағаштарды ретке келтірді. Орындықтарды сырлап, ирригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
-Тазалық – бұл тек экологиялық мәселе ғана емес, рухани тәрбиенің бір көрінісі. Әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауға міндетті. Біздің акцияларымыз арқылы жастарға дұрыс үлгі көрсетіп, экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз- дейді акцияға қатысушы қала тұрғыны.
Одан бөлек қазіргі уақытта қала аумағында орналасқан саябақ, сквер мен өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылды.
Қала тазалығын сақтау – барлық мегаполис тұрғынының парызы. Барша азаматтарды қоршаған ортаны ластауға жол бермей, экологиямызды таза ұстау үшін республикалық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясының ерекше маңыздылығын атап өткен болатын. Оның айтуынша, бұл бастама қазақстандықтарды біріктіріп, оларды туған табиғатқа қамқорлық жасау идеясының төңірегінде біріктіре алды.
Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Халықтар достығы – халық қазынасы» тақырыбымен кең ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Қазақстандағы этностар арасындағы өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі […]
Шымкент қаласы аумағындағы блок бекеттерде тұрған қызметкерлерге үш мезгіл ыстық тамақ жеткізілуде. Мұндағы полицейлер мен әскерилерге және медицина мамандарына жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер қолдау білдіріп, ас-ауқат жеткізіп, тегін таратып жатыр. «Төтенше жағдайдың жауапкершілігін жақсы түсінеміз. […]
Дендросаябақ — ашық аспан астындағы ағаштар мұражайы. Дендросаябақ — қала ішіндегі қалың орман. Қазақстанда ең алғаш салынған дендросаябақ Шымкент қаласында орналасқан. Шымкентке қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Бұл […]
Пікір қалдыру