Биыл аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар ойын алаңшасы мен 2 заманауи спорт алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда Самал-3 шағынауданындағы Абдраманов көшесінде спорт алаңы тұрғындарға пайдалануға берілді. Мердігер мекеме — «BAK Construction Group» ЖШС.
Сондай-ақ, Асар-2 шағынауданы Нұржол көшесінде ойын және спорт алаңдарының құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Нысандардың құрылысын «Бадам-Кум LTD» компаниясы жүргізді. Шілде айында тағы да 20 балалар алаңшасы пайдалануға берілетін болады.
Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 254 бұйрығы қабылданды, онда халықтық қатысу бюджетін жүргізу рәсімдері айқындалған. Атап айтқанда, тұрғындардың қаланы абаттандыруда жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндігі бар. Осы орайда аумақты көгалдандыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрларды, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру ескерілген. «Пайыздық арақатынаста тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталған шығыстардың ең аз көлемі айқындалған. Іске асырылып жатқан «жобалар» және оларды қаржыландыруға арналған қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері барысында жария етіледі. Қазақстанның мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы Әкімдіктердің парақшасында «Халық қатысатын бюджет» модулінде барлық оқырмандар тұрғындардың ұсыныстарының «жобаларын» онлайн режимде қысқа, түсінікті және егжей-тегжейлі түрде оның мәртебесін, таймлайнын, дауыс санын көрсете отырып, қадағалай алады», — деп аталып өткен министрлік ақпаратында.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалына баратын жол құрылысымен танысты. Жалпы ұзындығы 2,287 шақырымды құрайтын жол құрылысының бүгінде жер жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, суағар каналмен қиылысқан жерінде су […]
ҚҰНЫ ҚЫМБАТ ЖЕҢІС БҰЛ! Қымбатты шымкенттіктер! Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері! Баршаңызды қатар келген қос айбынды мереке – 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен […]
Шымкент қаласының Әділет департаменті бүлдіршіндерді 1-маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады. Нақты айтқанда, жалғызбасты, көпбалалы аналарға және олардың перзенттеріне азық-түлік пен ойыншықтар сыйға тартты. Әсіресе, жауапсыз әкеден алимент өндіре алмай жүрген ана мен баланы […]
Пікір қалдыру