ШЫМКЕНТ — ТАЗА ҚАЛА: СЕНБІЛІККЕ ШАҚЫРТУСЫЗ КЕЛЕТІНДЕРДІҢ САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Шымкентте қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кең ауқымды сенбілік өтті. Шара барысында, қала көшелері, арық-атыздар, саябақтар, скверлер тазартылды.
Сенбіліктің басты мақсаты – қаламызды таза әрі жайлы ету, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа деген қамқорлықты арттыру.

Бүгінгі кезекті сенбілікке қала әкімі аппаратының, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысып жатыр.

Солардың қатарында «Ақпараттық-коммуникациялық орталығының» қызметкерлері де бүгінгі күнгі сенбілікке атсалысуда.

Олар өздеріне бекітіліп берген Желтоқсан көшесі, яғни Темірлан тас жолынан Сайрам көшесіне дейін аралықта көше бойларын, арық ішін, қоқыс алаңына айналған орындарды қалдықтардан тазартты.

Әр апта сайын сенбілікке шығып жүрген орталық қызметкерлері таза орта қалыптастыру тазалаудың емес, тазалық сақтаудың нәтижесінде жүзеге асатынын жақсы біледі.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткен бұл шара бізді табиғатқа жақындастыра түсті. Бірге болсақ, табиғатымызды қорғап, әдемі Шымкентімізді көркейте аламыз!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*