Ауданда қазіргі уақытта электр желілеріне қосу, яғни абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабы мен Қайтпас шағынауданының жаңақұрылыс аумақтарына да электр желілері тартылуда. Жоспарланған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, Қаратау ауданындағы электрмен қамту көрсеткіші 100%-ға жетіп, барлық тұрғындар үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Рахымберді Жанысбекұлының айтуынша, табиғи газбен қамту мәселесі де аудан үшін өзекті болып тұр. Қазіргі таңда Қаратау ауданы бойынша газбен қамту көрсеткіші 96%-ды құрайды. Алайда, Тассай, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе және Мирас сияқты елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарында газ желілері әлі де тартылуды қажет етеді. Осы бағытта Тассай және Бозарықтағы газ құбырларын тарту жұмыстары 2024 жылдың IV тоқсанына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша табиғи газбен қамту деңгейі 98%-ға дейін көтеріледі.
Қалған елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын газбен қамтамасыз ету 2025 жылға дейінгі жоспарға енгізілген. Бұл шаралар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Қытайдың Сиань қаласында шымкентттіктерге дәмді тағамдарымен кеңінен танымал «Жеті тандыр» дәмханасы ашылатын болады. Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов хабарлады. Сианьдағы халықаралық орталықта іргетасы қаланып жатқан «Жеті тандыр» дәмханасы 2-3 айда өз жұмысын […]
Еліміз айтып келмейтін ауыр кеселдің алдын алумен хал-қадерінше сақтанып бағуда. Президентіміз бастап, өкіметіміз қоштап қолдан келген сақтық шаралары жасалуда. Еліміздің амандығы мен саулығы – ең әуелгі міндет. Осының қамымен Қазақстан ауқымы мен жергілікті жерлердің бәрінде […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады. Кездесу барысында Президент ETS ұйымының әлемдік білім беру саласындағы беделіне және тестілеу мен бағалау жүйелерін дамытудағы жетекші рөліне […]
Пікір қалдыру