Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы ірі аудандардың бірі, оның жалпы аумағы 19 500 гектарды құрайды, ал халық саны 220 мыңға жуық. Аудан құрамында 18 елді мекен мен 595 көше бар, сондай-ақ 12 демалыс орны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, өзіне жүктелген 24 функцияны орындап келеді. Бұл туралы бүгін Қаратау ауданының әкімі Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы брифинг барысында баяндады.
Аудандағы тұрғындарды ауыз сумен қамту деңгейі қазіргі таңда 98%-ды құрайды. Дегенмен, Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумақтарында сумен қамтамасыз ету жүйесі әлі де жетілдіруді қажет етеді. 2023 жылы аталған елді мекендерде су жүйелерінің құрылысы басталып, жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ауыз сумен қамту көрсеткіші 100%-ға дейін жеткізілмек.
Электр жарығымен қамту деңгейі 98%-ды құрайды. Қазіргі уақытта Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аймақтарын электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалардың аяқталуымен электр жарығымен қамту көрсеткіші де 100%-ға жетеді деп күтілуде.
Аудандағы инфрақұрылымды дамыту шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Азаматтар толғандырған сауалдарын жолдап, мегаполисті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Тассай, Сайрам және Қызылсу шағынаудандарының тұрғындары жолдарды асфальттеу, кеңейту, көше атауын беру, қоғамдық көліктерге, жер […]
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты қамтып, 228 830 тұрғыны бар. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Мұнда 728 көше мен өткел, 2 саябақ, 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті. Брифингке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және қалалық […]
Пікір қалдыру