Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Азаматтар толғандырған сауалдарын жолдап, мегаполисті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Тассай, Сайрам және Қызылсу шағынаудандарының тұрғындары жолдарды асфальттеу, кеңейту, көше атауын беру, қоғамдық көліктерге, жер қатынастарына, балалар алаңдарын салу мен бейнебақылау камераларын орнатуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Қала әкімі мен сала басшылары барлық сұрақтарға жауап беріп, азаматтар қозғаған бірқатар мәселені шұғыл шешіп, қосымша уақытты қажет ететін мәселелер қала әкімінің жеке бақылауына алынды.
Сонымен қатар, көшпелі кездесу барысында Ғабит Сыздықбеков Ю. Сареми көшесіндегі жол құрылысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдеріне сапаға ерекше назар аудара отырып, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Онымен қоса Сайрам тұрғын алабының ішкі орам көшелерінің жағдайын тексерді. Салалық басқарма басшылығына орталық көшелерді асфальттеу, сондай-ақ келесі жылға арналған жоспарға жергілікті көшелерді қосуды тапсырды.
Мегаполис басшысы Таскен шағынауданы тұрғындарының өтініштерін де назарға алды. Кездесу барысында көшелерді абаттандыру және жарықтандыру, кәріз жүйесін жүргізу және қоғамдық көлік бағыттарын ұзарту мәселелері талқыланды.
Қала басшысы көшпелі кездесу соңында жауаптыларға азаматтармен кері байланысты күшейтіп, мәселелерді шешуде нақты тапсырмалар берді.
В прошлую субботу в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Казахстан» прошла масштабная субботник, организованный жителями города. В одном из крупнейших экологических мероприятий этого года приняло участие более 3000 человек. В этот день […]
Білім күні Шымкент қаласында жастар тәрбиесіне бағытталған айтулы оқиға болды. Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» мамандандырылған сыныптың салтанатты ашылуы өтті. Бұл бастама құқықтық мәдениетті нығайтуға және жас буынды патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған. Ерекше […]
Шымкент қаласында жұмыс берушілерден түскен өтінішке сәйкес қыркүйек айынан бастап 24 оқу орталығы 1500-ден астам жұмыссыз азаматты тегін оқытады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жүзеге асырылады. Оқу сәтті […]
Пікір қалдыру