Шымкент қаласының Еңбекші ауданында 2022 және 2023 жылдары спорт алаңшалары мен гүлзарлар салу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, 2024 жылға жаңа жобалар жоспарлануда. Бұл бастамалар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған.
Қазіргі таңда Еңбекші ауданында 56 ашық спорт алаңшасы орналасқан.
2023 жылы аудан аумағында қосымша 7 спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Ал, 2024 жылға жоспарланған 8 ашық спорт алаңшасының 2-інде құрылыс жұмыстары басталып, қалған 6 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шаралары жүргізілуде.
Еңбекші ауданы әкімінің аппараты 2024 жылы қосымша 5 гүлзар салуды жоспарлап отыр. Бұл жобалар аясында мердігер мекемелермен келісім шарттар жасалып, жұмыс белсенді түрде жалғасуда.
Еңбекші ауданындағы спорт алаңшалары мен гүлзарлар салу жұмыстары аудан тұрғындарына қолайлы орта жасауға және олардың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар. Бұл жобалар алдағы жылдары да қарқынды түрде жалғасып, қала көркі мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруды көздейді.
Спорт – елімізде денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақты өсіріп шығарады.Спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді. Қаламызда бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы жыл сайын қала аумағын абаттандыру барысында жаңа спорт және ойын алаңшалары қатары артатын болады.
Биыл Шымкент қаласында әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға мыңнан астам пәтер беріледі деп күтіліп отыр, деп хаббарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді. «Шымкентте 37 мыңнан астам адам үй кезегінде […]
Қазіргі таңда еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңы және 400 ойын алаңы бар. Күні бүгінге дейін көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер […]
2025 жылдың көктемінде Қазақстанның барлық ірі қалаларында бастау алған «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін қолжетімді ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл — құқықтық мемлекеттің дамуына бағытталған ауқымды және […]
Пікір қалдыру