ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінің бойы мен Еламан шағын ауданында экологиялық іс-шара өтті.
Шымкент қаласының белсенді жастары, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері мен тұрғындар аталған шағын аудан аумағындағы аулаларды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартып шықты.
– Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сол себепті өзімнің сүйікті қаламды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышым деп білемін, – дейді Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Жәйшібеков.

Санитарлық тазалық шарасын жүйелі жүргізу — қала шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі.

Тазалық — денсаулық кепілі деген ізгі ниетті басшылыққа алған қалалық тұрғын коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарына қарасты қала тазалығына жауапты мамандар жұмыс жүргізіп келеді.  Алайда,  тазалық-тазалық жұмыстары жүргізілген жерде емес,  тазалық шаралары сақталған жерде болатыны ақиқат.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*