Қаламызға келуші туристердің қала көркімен танысуы ең алдымен — Әуежай және Темір жол вокзалынан бастау алады.
Түркістан қаласындағы «Hazret Sultan» халықаралық әуежайы осыдан 4 жыл бұрын пайдалануға берілген еліміздегі заманауи үлгідегі инновациялық және технологиялық талаптарға сай келетін әуе айлақтарының бірі.
Айта кету керек, Түркістан облысы үшін ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағы үшін жолаушылар мен жүк тасымалдауда айрықша орны бар әуе айлағының өркендеп, қанат жаюы тындырымды тірілік пен нақты тапсырмалардың нәтижесі. Стратегиялық маңызы бар нысанды басқаруда мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында «Turkistan International Airport» ЖШС-мен келісімшарт түзілген. Әуе айлағының техникалық және технологиялық жабдықталуымен танысты. Әуе кемелерінің қауіпсіз қонуын қамтитын заманауи бақылау жүйелерінің қызметі, жолаушыларды қолайлы инфрақұрылыммен қамту, багаж және жүк тасымалын ұйымдастыру тәжірибелері жөнінде кең мағлұмат алды. Авиациялық қызметті қамтудың жер үстіндегі техникалық дайындығымен танысып шықты. Өкілді мемлекеттік органның мүшелеріне әуе айлағындағы ұшақтарды техникалық нормативтерге сай қауіпсіз қондыру мен ұшыруға байланысты техникалардың дайындығы, ұшу-қону жолағын күтіп-ұстауға жұмылдырылған техникалар, авариялық қызмет құрылымдарының жабдықталуы, жүктерді тексерудің лабороториялық мүмкіндіктері баяндалды. Компанияның алға қойған стратегиялық мақсаттары таныстырылып, айлақтың әуе кеңістігін кеңейтудегі іргелі қадамдары сараланды.
Түркістан Теміржол Вокзалы 1904 жылдан бастап қызметін атқарып келе жатқан тарихи орын.
Қазіргі таңда Түркістан Темір Жол вокзалының жағдайы қаламыздың көркіне кері әсерін тигізуде.
2022 жылы Вокзалды күрделі жөндеуден өткізу бойынша Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің тарапынан жөндеуден өткізу бойынша жұмыстар басталған.
Аталған тарихи ғимарат аумағында қазіргі таңда аяқжолдар төселіп жатыр. Одан өзге, жарықшам, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жасыл желектер егіліп, жан-жағындағы дүңгіршектер мен нысандардың сырт келбеті шығыс үлгісінде қапталады.
Одан өзге, пойыз қызметіне жүгінетін мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында өтпе көпір мен пандус жасалмақ. Сонымен қатар, қалаға келетін қонақтар бірінші аяқ басар Теміржол вокзалы аумағында құрылыс жүргенімен, тарихи келбетін сақтап қалу ерекше назарда болады.
Жалпы, вокзал аумағы ғана емес, нысан ішінде де бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Ескі дүниелерге реконструкциялау жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып жатыр. Айта кетейік, Түркістан теміржол вокзалы бір ғасырдан астам уақыт бұрын салынған. Қабырғалары арнайы күйдірілген кірпіштермен қаланған және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.
Алайда, қазіргі таңда вокзалдың сыртқы фасады ішкі инфрақұрылымдық жүйелері: әжетхана, кәріз жүйесі, ауыз су, кіре беріс қауіпсіздік жүйесі істен шығып, тозығы жетіп пайдалануға жарамсыз күйге түскен.
Осы мәселелер бойынша, аралау жұмыстарын жүргізіп, бүгін арнайы жиын өткіздім. Тиісті сала өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, тапсырмалар берілді.
Түркістанда Кітапханашылар күніне орай «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, барша жиналған кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады. –Бүгінде облыстың кітапхана саласы қарқынды […]
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының көшелерін электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Аймақ басшысы мердігер мекеме басшысына анықталған кемшіліктерді түзетіп, құрылысты сапалы әрі белгіленген уақытта аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда […]
Қайырымдылық адами қасиеттің айқын көрінісі. Мына қатігез ғаламда жүрегі жылы жандардың бар болғаны қуантарлық жағдай. Тағдыр тәлкегімен арпалысып келе жатқан бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау парыз. Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға арналған […]
Пікір қалдыру