Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» этнос өкілдерінің қатысуымен «Кім білгір?» интеллектуалды ойыны өтті. Аталған шара облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң қолдауымен ұйымдастырылған. Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев сөз алып, жиынның маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар мақал-мәтелді жалғастыру, жұмбақтың жауабын табу және көнерген сөздердің мағынасын айту сынды үш кезеңде бақ сынады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны болып саналады. Дәстүрлердің осылайша бітеқайнасуы, этносаралық және конфессияаралық келісім, өзге мәдениетке толерантты болу – біздің баға жетпес байлығымыз, қазіргі тілмен айтсақ, ұлттық брендіміз» деген болатын. Түркістан — көне замандардан бері қолөнердің орталығы болған. Бүгінгі шараның басты мақсаты – этнос өкілдерінің қазақтың байырғы қолөнеріне, шеберліктеріне қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар жасалынған туындыларын көпшілікке жария ету арқылы өнерлі, шығармашыл этнос өкілдерінің белсенділігін арттыру.
Нәтижесінде жүлделі 1-орынды Кентау қаласының құрамасы иеленсе, 2-орынды Төлеби ауданына бұйырды. Ал, 3-орынға «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің командасы ие болды. Осылайша өңірдегі этнос жастары сайыста өз белсенділіктерін танытты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
2024 жылдың жоспарына сәйкес, шаһардағы 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 41,7 шақырымдық 40 көшесіне асфальт төселді. 5,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде құрылыс жұмыстары іске асырылуда. Асфальт салу […]
Халықаралық қайырымдылық күніне орай, Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты мекемелер мен дербес бөлімдер «Игі істер марафонына» атсалысты. Қайырымдылық марафоны аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 30-ға жуық отбасына көмек көрсетілді. Аталған отбасылардың сұранысына сай, кей отбасыларға […]
Түркістанда дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің, ДДА жақтастарымен жұмыс жүргізетін дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеру мақсатында өткізілетін семинар өтізілуде. Семинардың мақсаты – қазіргі қоғам діни салада кездесетін негізгі проблемалар […]
Пікір қалдыру