Білімді ұрпақ- ел болашағы.Сондықтан да жас ұрпаққа сапалы білім беруге білім ұялары жауапкершілікпен қарайтыны анық. Сапалы білім білім беру жолында жаңа технологияларды пайдалану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай жүзеге асуда. Өз ұрпағымызға стандартка сәйкес сапалы білім беруге үлкен жауапкершілікпен қарау болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізбек. Оқушылардың сапалы білім алуына тек техника мен технология, білім ғана емес оның тамақтануы мен қауіпсіздігі де кіреді.
Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 1 041 мектеп, 21 интернат ұйымы және 1 425 балабақша асханамен, буфетпен қамтамасыз етілген. Осы нысандардың асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы, балаларға таратылатын тамақтардың дайындалу технологиясы, сапасы мен қауіпсіздігі нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы қажет. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов брифингте мәлімдеді.
«Білім беру нысандарындағы тамақтың сапасы, қауіпсіздігі, дайындалуы, жиһаздармен жабдықталуы, қызметкерлердің медициналық бақылаудан уақытылы өтуі, нысанның санитарлық-гигиеналық, техникалық жағдайын мүлтіксіз орындау — мектеп директорлары мен асханаларды жалға алып қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлердің міндеті. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру — бұл үлкен жауапкершілік»,- деді спикер.
Сондай-ақ, Нұрбек Садықбекұлы білім беру және тәрбиелеу нысандарындағы бірыңғай ас мәзірін Түркістан облыстық білім басқармасымен бекітілетінін жеткізді. Жалпы ас мәзірі әзірленетін кезде балалардың жас санаты, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімі екендігіне мән беріледі. Сонымен қатар, мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмеуі керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында құрғақшылық пен су тапшылығы мәселесін көтеріп, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізуді тапсырған болатын. Осы мақсатта облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасы бойынша арнайы делегация ҚХР іссапармен барып, инвесторлармен […]
Аймақтағы коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстарының барысы, партияішілік праймериздің нәтижелері, тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеуге әсері мен Түркістан қаласының айналасында құрылған «Жасыл белдеудің» жұмыстарының барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен […]
Түркістан облысында елді мекендерді таза ауыз су, жарық, газ, сапалы жолмен қамту мәселелері басты назарда. Осы орайда, Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ауданда соңғы 1 жылда атқарылған жұмыстарына оның ішінде, […]
Пікір қалдыру