Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тұрғындармен кезекті кездесуі Қазыбек би ауылдық округінде жалғасты.
Аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев, аудандық мәслихат депутаты Мұрат Құрбанов пен аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен білім, денсаулық сақтау саласының басшылары қатысқан есептік кездесуде аудан басшысы жыл басында тұрғындар тарапынан көтерілген 10 мәселенің 3-нің шешімін тапқанын, 7-нің орындалу үстінде екенін айтты. Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында атқарылған және алдағы уақыттарда атқарылар жұмыстардың барысына тоқталды. Баяндама жасады.
Бүгінде Қазыбек би ауылдық округінің Жамбыл елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 900 метрді құрайтын Атамұра, ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын Бигельдинов, Қалдыбаев, Достық көшелерін орта жөндеу жұмыстарын бастауға тиісті қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу өтіп жатса, Қазыбек би елді мекенінің Жеті жарғы көшесіндегі тесілген ауыз су құбыры «Жетісай су» МКК тарапынан ретке келтірілген.
Құрбан ата елді мекенде жаңадан ауыз су жүйесі тартылса, Таубай ата елді мекенінде ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Ал, Ә.Оспанов елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 11,3 шақырымды құрайтын 15 көше, Құрбан ата елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 9,6 шақырымды құрайтын 10 көше «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында орта жөндеуден өткен.
Одан бөлек, Қазыбек би елді мекеніндегі Райымқұлов, Өмірзақов, Бейбітшілік көшелері, Таубай ата елді мекенідегі Жасұзақ, Абибулла, Егенов, Сапарбек ата көшелерін орта жөндеуден өткізу үшін қаржы бөлінген. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен Жамбыл елді мекеніндегі Байтоғай көшесіне аяқ жол салу жоспарланып отыр.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан «Түркістан», «М.Жұмабаев», «Амангелді» мектептерінің, Қазыбек би ауылындағы мәдениет үйін ескі ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу, қашыртқыларды тазалау, үлкен жол бойына қосымша бейнебақылау камераларын орнату бойынша айтқан ұсыныстарына жауап берген аудан басшысы жеке мәселелер бойынша да қабылдау өткізді.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов БАҚ қызметкерлеріне арнайы пресс-тур аясында Түркістан қаласындағы жаңа нысандарды таныстырды. Алдымен арнайы топ әкімшілік-іскерлік орталығындағы «Конгресс Холл» концерт залымен танысты. Ғимараттың аумағы — 6438 шаршы метр. Сарайдың бірінші қабатында […]
Бүгінгі таңда Түркістан облысы орталығының аумағында әкімшілік тарапынан 50 мыңға жуық көшет отырғызылған. Оларды тұрақты суғарып тұру үшін 268 су ұңғымасын салу көзделген. Аппарат мәжілісінде сонымен қатар облыстағы ауыл шаруашылығы салаларының 9 айлық жұмыс қорытындысы […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен «Қазсушар» мекемесінің жауапты мамандары Мақтаарал ауданындағы су тасқыны мәселесін реттеу бойынша Өзбекстан Республикасының Сырдария облысына аттанды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кезекті брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, тасқын […]
Пікір қалдыру