Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов Жетісай қаласы, Қожанов көшесі бойындағы реновация бағдарламасына ұсынылған №27, №29 тұрғын үйлердің тұрғындармен кездесіп, мәселенің оңды шешілу жолдарын талқылады.
1954 – 1957 жылдары салынған қос қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерде бүгінде 16 жекеменшік пәтер бар. Көп жылдардан бері тұрғындар тарапынан тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен соңғы 6-7 жылда апаттық жағдайға жетіп, қабырғалары жарылған. Сылақтары түсіп, шатыры ескірген. Едені жарамсыз күйде.
Аудан басшысы тиісті сала мамандарымен бірге тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, апатты баспананың мәселесін оңтайлы шешу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. Апатты үйдің орнына жаңадан көппәтерлі тұрғын үй салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатқанын, қолдау тапқан жағдайда құрылыстың басталатынын жеткізді.
«Біз қазір осында тұрып жатқан тұрғындардың баспана мәселесін тезірек шешудің түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Мейлі ол мемлекеттің, мейлі кәсіпкерлердің есебінен болар шешілетін күнін ұзартпауға әрекет жасаймыз.
Жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталғанша осындағы тұрғындарды уақытша жалдамалы пәтерге көшіріп, пәтер ақысын төлеп тұруды аудан өз міндетіне алады. Біз осындай қорытындыға келдік» деді аудан басшысы.
Айта кетейік, 50 мыңға жуық тұрғыны бар Жетісай қаласындағы 133 көппәтерлі тұрғын үйде 1500-ге тарта азамат тұрады. Қазірдің өзінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғындармен жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде кондаминиум бағдарламасы аясында мемлекеттік акт алынған 71 көппәтерлі тұрғын үйдің 44-не оң қорытынды берілген. Ал, 18 үйге жерге орналастыру жобасы жасалған. Алдағы уақытта бағдарлама аясында барлық көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілетін болады.
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Қоғалы елдімекенінің тұрғындары төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне белсеніп көмектесіп жүр. Аталған ауылда 186 үй орналасқан. Мұнда 1400 тұрғын бар. Көршілес Мақтаарал ауданындағы су басып қалған ауылдар жайындағы хабарлардан кейін Қоғалының көп […]
Түркістан облысында жібек кластері пилоттық жоба ретінде дамиды. Жетісай ауданында тұт өсіру арқылы жібек құртын өндіру ісі қолға алынып, өткен жылы көршілес Өзбекстан елінің Әндіжан қаласынан әкелінген жапондық «Ашима» сортының алғашқы 10 мың данасы егілген […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде негізгі мәселелер ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму […]
Пікір қалдыру