Келес ауданындағы Бірлік ауылында 45 орындық дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Бұл ғимарат кең әрі ыңғайлы болмақ. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы құйылып, қабырғалары тұрғызылуда. Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысымен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмысына бюджеттен 305 миллион теңге бөлінген. Нысанның негізгі міндеті — аурушаңдықтың, тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу, ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақытылы медициналық тексеруден өткізу.
Айта кетейік, Бірлік елді мекенінен бой көтеріп жатқан медициналық нысан Бірлік, Мәдениет, Ащысай және Қосөткел ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Сала мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары биыл жыл соңында аяқталып, қолданысқа берілетін болады.
Айта кетейік, Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224,1 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 94 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған 94 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. Құрылыс қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында.
Өңірде құрылыс сапасына тиісті талдаулар мен тексерулер жүргізіліп, 822 хаттама толтырылып, 255 млн. теңгеге жуық айыппұл салынған. Үш мердігер компания лицензиясынан айырылған.
«Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақыбыры Түркістан қаласында өткен республикалық ата-аналар форумына негіз болды. Маңызды мәселені талқылауға Қызылорда, Тараз, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің төрағалары, кәсіподақ кеңесінің мүшелері, мектеп директорының тәрбие […]
Түркістан облысы бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық іс-шаралары кестеге сәйкес атқарылуда және өңірлік штабтың тұрақты бақылауында. Жалпы аймақта 34 жылу энергетика кешені және 1 622 автономды қазандық бар. Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және тұрғын […]
Шежірелі Шардара – қойнауы қазына, жері құтты мекен, облыстың оңтүстік бөлігіндегі қарқынды дамып келе жатқан аудан. Тарихы тереңде жатқан өңірде балығы тайдай тулаған, шағаласы шаңқылдап көк аспанда ойнаған Шардара су қоймасы бар. Бұл – өңіріміздің […]
Пікір қалдыру