Шежірелі Шардара – қойнауы қазына, жері құтты мекен, облыстың оңтүстік бөлігіндегі қарқынды дамып келе жатқан аудан. Тарихы тереңде жатқан өңірде балығы тайдай тулаған, шағаласы шаңқылдап көк аспанда ойнаған Шардара су қоймасы бар. Бұл – өңіріміздің көз қуанышы, еліміз үшін стратегиялық нысан. Өңір балық шаруашылығына ден қойған.
Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары. Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 224 кәсіпкерлік субъектісі айналысады.
Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Осы ретте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Ақжайық Хаметова, басқарма бөлімінің бас маманы Абай Сәдірқожа ауданда жаңадан ашылған балық шаруашылықтарына арнайы барып, шаруаларға мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндіріп, «Ауыл аманаты» жобасында шаруаларға қандай көмек көрсетілетінін айтып, субсидия алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2023-2024 жылдарға облыс аумағындағы 110-ға жуық балық өсіру шаруашылықтары ашылып, жұмыстар атқарылуда. Бағдарлама бойынша биыл 7000 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланып отыр. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1345 тонна балық өндірілді. Ал акваөсіру бойынша жергілікті бюджеттен 500,0 млн теңге қаралды. Бұдан бөлек, инвестициялық салымдарды субсидиялауға республикалық бюджеттен 237,5 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасының балық шаруашылығын дамыту бағыты бойынша өткен жылы 24 кәсіпкерге 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие берілген болатын. Бүгінгі таңда жасанды балық өсіру шаруашылықтарын құру бойынша қызығушылық танытқан бизнес өкілдері мен жеке тұлғаларға шаруашылық құру алгоритімін түсіндіру жұмыстары жергілікті атқарушы орган және балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, тұрақты жүргізілуде, – деді басқарманың бас маманы Абай Сәдірқожаұлы.
Шардара ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Басқарма қызметкерлері мемлекеттік бағдарлама аясында субсидия алып, балық шаруашылығын өркендетуге өз үлестерін қосып жүрген шаруаларға барды.
Соның бірі – Тұрысбеков ауыл округінде орналасқан «Мөлдір» шаруа қожалығы. 10 га аумағы бар тоғанды балық өсірумен айналысатын шаруа қожалығы 2023 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда 6 жасанды көл жұмыс істеп тұр. Жақында 4 жасанды көл ашылады деп күтілуде. Әрқайсысы 1 гектар аумақты құрайды. Әр гектардан 10 тоннаға дейін балық алуға мүмкіншілік бар. Жылына 100 тонна балық өсіруге қауқарлы. Биыл алғашқы жыл болғандықтан 60 тонна балық өндірілсе, алдағы уақытта 100 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Мұнда тұқы, ақ амур, сазан секілді балық түрлері өсіріледі. Онда өндірілетін балық өнімдері Шымкент қаласындағы мейрамханаларға жеткізілуде. Шаруа қожалықтың иесі Бекарыстанәлі Сүйінбай өткен жылы бес серіктес бірігіп «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттен 30 млн теңгеге жуық несие алып, шаруашылықты бастағанын айтып, болашақта Қазақстанның кез келген облысы мен республикасына экспорттауды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан қолдау да бар. Облысқа қарасты аудан, қалаларда жыл сайын отбасылық кәсіппен айналысатын азаматтар қатары көбеюде. Төлеби ауданында инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Төлеби ауданының […]
Түркістан облысының әкімі қызметінен Өмірзақ Естайұлы кеткелі, өңірдің даму қарқыны тұралап қалғандай әсер қалдырады. 2022-жылдың жаз айында Ө.Шөкеевтің орнына бұл қызметке Дархан Сатыбалды тағайындалғанда, үлкен үміт болған. Ол орынды да. Өйткені, Дархан Амангелдіұлы бұған дейін […]
Жылыту маусымына дайындықты тоқтатпаған Түркістан облысы, Кентау қаласындағы жылыту орталығының қайта құру жұмыстары мерзімінен кешікпеу керек. Стратегиялық маңызы бар нысанда атқарылып жатқан әрбір жұмыс облыс әкімі Дархан Сатыбалдының, құзырлы орган және департамент басшыларының тікелей бақылауында. […]
Пікір қалдыру