Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде қазба және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маусым айының басынан басталған жүмысты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология және антропология институтының бас ғылыми қызметкері т.ғ.д. профессор Мадияр Елеуов басқарған «Университет археологиялық экспедициясы» ұйымдастырған. Жұмыс тобы «Қарашық өңірінің ежелгі және орта ғасырлық қалалары» атты отандық гранттық қаржыландыруы бойынша жүзеге асырып отыр.
Қазба жұмыстары нәтижесінде Қарашық-1 қаласының шаруашылық аймағында қыш кесектен қаланған ортағасырлық аула ашылды. Сонымен қатар Қарашық-2 қаласының өмір сүрген уақытын анықтау мақсатында көлемі 3×1 метр, тереңдігі 5 метр қазба жүргізіліп, қаланың жасын анықтайтын заттай деректерге қол жеткізді. Қарашық өзенінен өтетін көпірдің жанынан қыш күйдіретін пештің орны анықталды.
Бір топ БАҚ өкілдері кең көлемде насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін Сауран ауданы, Түркістан-Қызылорда тас жолының бойындағы Қарашық өзенінің көпірінің жанынан табылған ертедегі қыш күйдіретін пештің орнына барып қайтты. Далалық семинар барысында мамандар толығырақ таныстырып өтті.
Табылған құмбыздың өзге өңірлерден ерекшелігі іргесі бұзылмай сақталғанында. Тарихи орынды қазба жұмыстары кезінде археологтар тауып алған. Көне ғимарат маңынан табылған жәдігерлер қазір зертханаға жіберілді. Қай ғасырдың көзі екені сол кезде мәлім болмақ. Ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіші осы құмданда құйылған болуы мүмкін деп отыр. Бұл нысан өз заманында қыш құятын, күйдіретін орын болғаны мәлім. Мұндай орындардың ғылыми атауы «Құмбыз, құмдан» деп аталады. Археологтар әзірге бір ғана пешке қазба жұмыстарын жасағанын айтады. Ал маңында тағы да екі-үшеуі бар екеніне анық көзі жетіп отыр.
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берілген «Суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту» тапсырмасы аясында Сауран ауданы аумағында суармалы […]
Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды қолдану көзделіп отыр. Бұл мәселе Түркістан облысы, Сайрам ауданында өткен дала семинарында кеңінен талқыланды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ғалымдармен, шаруалармен пікір алмасты. «Ауыл шаруашылығын дамыту: […]
Түркістан облысы – соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша республикада алдыңғы қатарда келе жатқан өңірлердің бірі. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, өндіріс, инфрақұрылым және туризм салаларындағы оң өзгерістер аймақтың әлеуетін арттыруда. Бұл үрдістің жарқын үлгісін Сауран ауданынан […]
Пікір қалдыру