Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Сауран ауданына барды. Ең алдымен ауданға қарасты Шорнақ елді мекеніндегі «Қамқорлық орталығына» барып, аудандық үкіметтік емес ұйымның жұмысымен танысты. Онда зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ауданды дамыту бағытында жұмыс жоспарларымен бөлісіп, олардың ұсыныс, пікірлерін тыңдады.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев азат елдің егемендік жылдары жарқын жетістіктерді бағындырғанын, барлық игілік пен жетістік бірлік, этносаралық татулық ұғымдарымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Жиында ақсақалдар өздерінің ұсыныс пікірлері мен мәселелерін ортаға салды.
Жұмыс сапарында өңір басшысының орынбасары «Дервиш Әлі» мешітінің имамымен кездесіп, ел бірлігі рухани мәселе туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар Ертай Кенжебекұлы аудандық мәдениет үйі мен кітапханада болып, ұжыммен кездесті. 2022 жылы пайдалануға берілген 120 орындық мәдениет үйінің жай-күйімен танысқан облыс әкімінің орынбасары өнер ошағының жұмысын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ кітапхана қорын молайту бағытындағы жұмыстарды күшейту керектігін ескертті.
Бұдан кейін аудандағы жаңадан салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Құрылыс жұмыстарымен танысқан соң құрылыс жүргізуші мекеме өкілдеріне ең бастысы құрылыс сапалы соғылып, уақытында пайдалануға беруді тапсырды. Сонымен қатар құрылыс материалдарының құны арзан емес, сапалы болуын ескертті. Аталған спорт кешені «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Биыл құрылысы басталған спорт кешенінің жұмыс барысы жоспарға сай жүргізілсе, келесі жылы ауыл тұрғындары жаңа нысанның игілігін көреді.
Ертай Алтаев іссапар соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында болды. Орталықта жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған үйірмелер жұмысымен танысып, жауапты басшылар мен мамандарға жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғамдағы белсенділігін арттыруды тапсырды.
2024 жыл басынан бері облыста газ баллондарының жарылуы бойынша 9 жағдай тіркеліп, салдарынан 14 адам жарақат алды. Жазатайым оқиғалардың едәуір бөлігі газ баллондарын сақтау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамай, немқұрайлы қарауына байланысты орын алып […]
Түркістанда «SARAP» эксперттер клубының аймақтық жиыны өтті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Іс-шараға Түркістан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес […]
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өткен апталық аппараттық мәжілісте қадап айтты. Арыс қаласындағы экономикалық-әлеуметтік даму жұмыстары жаңа қарқында жалғасын таппақ. Отырыста Арыста атқарылып жатқан жұмыстар мен жол, кәріз жүйесі және құрылыстың […]
Пікір қалдыру