Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ынтымақ және Жаңадәуір ауылдарында дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Бұл ғимараттар кең әрі ыңғайлы болмақ.
Құрылысын «Emaar» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда ғимараттардың іргетасы қалануда. Биылғы шілде айында басталған құрылыс нысаны жыл соңында қолданысқа беріледі. Құрылыс алаңы 0,4 гектар аумақты құрайтын дәрігерлік амбулатория 1 қабатты болады. Құрылысқа тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы.
Айта кетейік, Жаңадәуір елді мекенінде бүгінде 1 876 тұрғын болса, Ынтымақ ауылында 2 452 адам тұрады. Олар бүгінгі күнге дейін Ақтөбе ауылдық округінің орталығы Лесбек Батыр елді мекенінде орналасқан емханаға барып, қызмет алып жүрген болатын.
Осы орайда былтырғы жылы Түркістан облысы Келес ауданында жеке кәсіпкерлер жиналып 5 медициналық орталық салуды қолға алды. Түркістан облысының Келес ауданында 2022-2025 жылдары жалпы құны 44,3 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске асырып, 1 175 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Солардың бірі – «Нұрболат» өндірістік кооперативі. Мұнда жалпы жоба құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы басталған болатын. Аталған медициналық орталықтар Абай ауылының екі аумағында, Біртілек, Ошақты және Ұшқын ауылдық округтерінде бой көтермек. Соныме қатар, Абай ауылы Қонаев көшесінің бойындағы «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы аяқталып, іске қосылды. Және аудан орталығында 5 блоктан тұратын орталық аурухананың құрылысы қарқын алған. Жоба толық іске асырылған соң 200 жаңа жұмыс орны ашуды жоспарлаған болатын. Жүйелі жоспар орындалса, өңір тұрғындарының медицина саласына қояр талабы едәуір азая түсері анық.
Келес ауданындағы жолдар жыл өткен сайын жаңарып, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың пайыздық үлесі артып келеді. Келес ауданында 2024 жылы жалпы 30,6 шақырымды құрайтын 28 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде Біртілек, […]
Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Келес ауданы Бозай ауылдық округінің Тентексай елдімекені таза ауыз су жүйесіне толық қосылды. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ақментай Есбаев ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, су станциясының лентасын қиды. Сондай-ақ, […]
Түркістан облысы Келес ауданында биыл 24 200 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді. (Оның ішінде ерте пісетін 4 357 гектар көкөніс, 1 400 гектар жоңышқа, 1 932 гектар картоп дақылдары бар). Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 684 […]
Пікір қалдыру