Сайрам — Түркістан облысындағы ірі аудандардың бірі саналады. Ауданның өңіріміздегі өндірістік-экономикалық әлеуеті жоғары деуге толық негіз бар.
Сайрам ауданында тұрғындарды толғандырып жүрген түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Соның ішінде, жол мәселесі аудан әкімі Арман Сәбитовтің тұрақты бақылауына алынған. Бүгінде ауданға қарасты елді мекендерде жергілікті көшелердің жолдары кезең-кезеңімен жөнделіп, қалыпқа келтіріліп жатыр.
Биыл Қарамұрт ауылында жыл соңына дейін 7 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2,8 шақырымды құрайтын Абай, 1,4 шақырымды құрайтын Жеті мама, 710 метр шамасындағы М.Шерметов көшелеріне асфальт төселді. Аталған көше тұрғындары атқарылған жұмыстар үшін жауапты тұлғаларға өз алғыстарын білдіруде.
Алдағы уақыта ауылдық округтегі көлік қатынасының сапасы мен қарқынын жақсарту мақсатында Жамбыл, Сайрам, Р.Нематуллаев, Полатов көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, Сайрам ауданы құрамына 11 ауылдық округ кіреді. Орталығы- Ақсукент. Ақбұлақ, Арыс, Жібек-Жолы, Қайнарбұлақ, Қарасу, Қарабұлақ, Қарамұрт, Құтарыс, Көлкент, Манкент ауылдық округтері өңірді жан-жақты дамуына үлесін қосып келеді.
Түркістан облысы полиция департаментінде еліміздің қауіпсіздігі жолында ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл шара полиция қызметінің қауіптілігі мен жауапкершілігін тағы бір мәрте еске салып, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің […]
Түркістан облысында карантин шектеулерінің сақтауынан, мал базарлар әзірге жұмыс істемейді. Инфекцияның мал арқылы адамға жұғу қауіпі жоғары екендігі ескеріле отырып, мұндай базардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте […]
80 мың гектарға жуық суармалы жері бар Жетісай ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 […]
Пікір қалдыру