Сауран ауданында жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – басты назарда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, аудандағы инфрақұрылым мен тарихи туризмді және де экотуризамді дамыту бағытында жұмыстар жүзеге асады.
Сауран ауданында ағайынды Азизбек пен Бахадыр Абдужалиловтар есік дайындайтын шағын цехты іске қосты. Аталмыш өндіріс орнында 60 адам жұмыс істейді. Цех жылына 150 мың есік дайындап шығарады. Заманауи құрылғылармен жабдықталған цех өнімі сапалы әрі бағасы қолжетімді. Кәсіпкерлер алдағы уақытта көрші облыс, қалалардан да тапсырыс қабылдауды жоспарлап отыр.
«Алдағы уақытта цехтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Нартәуекел етіп, бастаған ісіміз өрге басып, сұраныс артып жатыр. Қазір кәсібіміздің арқасында біраз жетістікке жетіп жатырмыз», — дейді ағайынды Абдужалиловтар.
Елімізде 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 369 мектеп салынуы тиіс Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданынына жұмыс сапарында Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысын қадағалады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында […]
Түркістан облысында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері ерекше патриоттық акция өткізді. Ел ішінде заң үстемдігін, тәртіп пен әділдікті дәріптеуді мақсат еткен шара аясында Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы мен […]
Мақтарал ауданында орын алған жағдайға байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Бұл туралы төтенше жағдайға байланысты өткізілген онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Жүнісов мәлімдеді. Сондай-ақ, судан қауіп төнген Нұрлы жол мен Фердоуси […]
Пікір қалдыру