Кентау қаласында тұрғын-үй құрылысы жұмыстары жүрдек жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек ел игілігіне тапсырылған әлеуметтік нысандардың саны да көбейіп келеді.
Қалалық экономикалық бөлімінің мәліметінше жыл басынан бері халық қажетіне жарайтын нысандар пайдалануға беріліп, Кентаудың ажары ашылып келеді.
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда ғимараттың іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Жандос Тасов 300 орындық мәдени нысандағы атқарылған жұмыстармен танысып, бірқатар тапсырмалар берді. Екі қабаттан тұратын ғимарат соңғы заманауи жабдықтармен қамтылмақ.
Ауылда мәдениет үйінен бөлек жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы әрбір жұмыстарды сапалы атқарып, уақытылы тапсыруды жүктеді. Айта кетейік, жыл соңына дейін қалаға қарасты Байылдыр және Қарнақ ауылдарындағы 14,5 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ал жалпы Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224,1 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 94 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған 94 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. Құрылыс қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында.
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Қоғалы елдімекенінің тұрғындары төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне белсеніп көмектесіп жүр. Аталған ауылда 186 үй орналасқан. Мұнда 1400 тұрғын бар. Көршілес Мақтаарал ауданындағы су басып қалған ауылдар жайындағы хабарлардан кейін Қоғалының көп […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, бірнеше қалаларындағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен танысты. Экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде енгізу, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын […]
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе кентінде «Спорт күні» мерекесіне орай жаңа спорт кешені халық игілігіне берілетін болады, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Састөбелік жастар жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен […]
Пікір қалдыру