Түркістан облысында қолөнер бұйымдарын жасау ертеден келе жатқан үрдіс. Бұл істі одан әрі жандандыру мақсатында тұрақты түрде қолөнершілер көрмелері, сайыстар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өңірдің қолөнер шеберлері республикалық және халықаралық көрмелерге белсене қатысып келеді. Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында отандық 450 шебер рекорд орнатты. Олар «Гауһартас», «Сынық мүйіз» және «Аламан» құрақ техникалары бойынша 11 200 шаршы метр көрпеше құрап, «Кинэс» Қазақстан рекордтар кітабына енді. Олар 500-ге жуық көрпе тігіп, Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Соған байланысты Астанаға еліміздің әр өңірінен тігіншілер келіп, дүбірлі доданың ашылуына дайындалып жатыр. Олардың арасында Батыс Қазақстан облысынан арнайы келген құрақшылар да бар. Басты мақсат – ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық өнерді, төл мәдениетімізді әлем жұртшылығына паш ету.
Ел абыройын асырған шеберлер қатарында Созақ ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ақбілек Байтемірқызы да бар. Айта кетейік, 8-14 қыркүйек аралығында өтіп жатқан айтулы шараға әлемнің 85 елінен 4 000-ға жуық спортшы қатысуда. Спорт жарысынан бөлек бұл шараның мақсаты — отандық туризмді, этномәдениетті дамыту.
Кептірілген жемістер мен көкөністер тамақ өнеркәсібінде кең қолданысқа ие. Сондай-ақ олар жақсы сақталады және көп орынды қажет етпейді. Түркістан облысында кептірілнен жемістерді жаңа технологиямен шығаратын кәсіпорын ашылады. Жаңа жобаға ауғанстандық инвесторлар есебінен 1 миллион АҚШ […]
Түркістан облысы – бүгінде тек тарихи-мәдени орталық қана емес, сонымен қатар инвестициялық және өндірістік мүмкіндіктері мол аймақ ретінде дамып келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың нақты көрінісі ретінде Түркістанға Қытай Халық Республикасынан келген ресми делегацияның сапарын […]
Соңғы жылдары Түркістан облысында кәсіпкерлікке басымдық беріліп, жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп […]
Пікір қалдыру