Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының көшелерін электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Аймақ басшысы мердігер мекеме басшысына анықталған кемшіліктерді түзетіп, құрылысты сапалы әрі белгіленген уақытта аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Андас-групп» ЖШС тарапынан 120 дана электр бағаналары орнатылуда.
Айта кетсек, қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып Созақ, Т.Көкебайұлы, М.Өскенұлы, Х.Саудашев, Р.Мұсабекұлы, Б.Мекенбаев, А.Мұсабек, Көктем, Алтын төбе көшелеріне 4 дана трансформатор қондырғысын орнатып, ұзындығы 11 шақырым электр желісін жүргізу қарастырылған. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталған соң 623 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
«Ұлы дала елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығына орай танымдық-мәдени шарасы өтті. «Халқының адал перзенті» атты жиынға туған ауылынан көзін көрген замандастары, зиялы қауым […]
Жуырда Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектепте маңызды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті. Түркістан облысы Полиция департаменті мен Түркістан облысы білім басқармасына қарасты «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жас жол […]
Қазіргі таңда еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақтың сапалы білімге ұмтылысы ерекше қуантады. Түркістан қаласы оқушыларының тек ұлттық емес, халықаралық деңгейде де топ жарып жүргені – соның айқын дәлелі. Бұл жетістіктер олардың бойындағы ізденіс рухының, білімге […]
Пікір қалдыру