Түркістан қаласында 25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында интеллектуалды ойын өтті. Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң бастамасымен ұйымдастырылған. Шараға «Конгресс Холл «көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов қатысып, жастарға сәттілік тіледі.
Білімділер сайысында аудан-қалалардан келген 12 команда 5 кезең бойынша өзара бақ сынасты. Сайыс әртүрлі бағыттағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы қатысушылардың ой-өрісін кеңейту және жаңа ақпараттарды игеру мақсатында қолға алынған. Сайыс нәтижесі бойынша Созақ ауданынан келген «Теріскей» командасы 1-орынға ие болды. Жүлделі 2-орынды Арыс қаласынан келген «Арыс арулары» командасы иеленсе, 3-орынға Сайрам ауданынан келген «Эрудит» командасы табан тіреді. Жеңіске жеткен командаларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысында «Kutlar Muhendislik» түрік компаниясы ауыз су мен ағын су тазартудың заманауи модульдік станцияларын шығаруды жоспарлап отыр. Ұлттық компания және Түркістан облысы әкімдігінің көмегімен инвесторлар қажетті жабдықтардың бір бөлігін алып, Кентау қаласында өз […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті. Онда Түркістан қаласы мен облыс аумағындағы елді мекендерде қолға алынатын сәулеттік жобалар сараланды. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында салынатын имандылық асхана сарайы мен […]
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектеп оқушыларының басым бөлігі онлайн форматта білім алуда. Бүгінде Түркістан облысында 912 жалпы білім беретін мектеп бар, бұл мектептерде 502 737 бала білім алады. Оның ішінде 446 109 (89,0%) оқушы […]
Пікір қалдыру