Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың шардаралық шаруалармен кездесуі барысында ағын су мәселесі көтеріліп, шағымдары зерделенді. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов аудандағы жағдайды баяндап, іске асырылып жатқан жобалардың есебін ұсынды.
Қазіргі таңда Шардара ауданында 6 ауыл округте су арналары механикалық тазалаудан өтуде. Жалпы 1306 шақырым қашыртқыны тазалау көзделген, орындалғаны –1137 шақырым.
Жұмыс атқарушы “Тұран-Су” МКК-нің басшысы Досхан Лесов жоба бойынша бекітілген қашыртқы 959 шақырымды құрайтынын, шаруалардың өтінішімен жобадан тыс 347 шақырымы қосымша тазаланғанын баяндады.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ауданда 26 мың гектардан астам алқаптың мелиоративтік жағдайы мен ағын сумен қамтылуы жақсарады деп күтілуде.
Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу, Ұзын-ата, Ақшенгелді, Достық ауыл округтеріндегі жұмыстардың барысын бақылаған облыс әкімінің орынбасары суармалы жер көлемін арттыруға бағытталған жобалармен де танысты.
– Ағын су тұтынуда шаруалардың талап-тілегі заң аясында сараланып, жүйеленуі тиіс. Әсіресе, су ақысының төлеміне қатысты ешқандай сұрақ туындамауы қажет. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаруашылықтардың өзекті мәселелері мен ықтимал тәуекелдеріне тұрақты түрде мониторинг жүргіземіз. Шаруалармен өткен басқосуда айтылған мәселелерді назарға алып, талдау жүргізуді тапсырамын. Түйткілді мәселенің түйінін тарқатуда біз ең алдымен оның заңдылығын қамтамасыз етуге міндеттіміз, – деді Нұрбол Тұрашбеков.
Сонымен қатар Шардара ауданында 4 канал күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда 53,5 шақырымның 31,2 шақырымында жұмыс аяқталды. Нәтижесінде, 3616 гектарға су жеткізу жақсарып, қосымша 600 гектар жер айналымға қосылады деп күтілуде.
Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола […]
Қыркүйек-қараша айлары аралығында Түркістан қаласында 15 нысанды пайдалануға тапсыру көзделген. Олардың 11-і әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Түркістан облысының әкімі қала нысандарын аралау кезінде жауапты басшыларға жоспарланған жұмыстарды ширатуды тапсырып, нәтижелі жұмысты талап етті. Әрі жұмыстарды […]
Аудан болып құрылғанына 2 жыл болған Келес ауданында медицина саласын дамыту және ауыл халқын сауықтыру мақсатында айтарлықтай ірі жобалар қолға алынуда. Өткен жылы Келес аудандық ауруханасына 16 жас дәрігер жұмысқа қабылданып, мемлекеттен ақшалай көмек алып, […]
Пікір қалдыру