Түркістан облысының тұрғындарын баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар ауқымды. Облыс аумағындағы барлық аудандарында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Жаңа ғимараттардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында.
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Мыңшұңқыр елдімекені мен Шәуілдір ауылында салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешеніне арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында биыл ауданда Мыңшұңқыр елдімекенінде 4 қабатты 32 пәтерлі 1 тұрғын үйдің және Шәуілдір ауылынан 1 қабатты 2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Өз кезегінде аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, құрылыстың сапалы және мерзімінде аяқталуын тапсырды.
Жалпы қазіргі таңда Отырар ауданында тұрғын үй кезегінде 2 374 азамат тіркелген. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санаты бойынша — 751, көпбалалы отбасылар тобы — 800, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 50, мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 771, апатты жағдайдағы тұрғын үйлер санаты бойынша 2 азамат бар.
Облыс көлемінде биыл жалпы 2469 пәтер салу жоспарланған. Атап айтқанда, Қазығұрт және Созақ аудандарында 36 пәтерлі, Мақтаарал ауданында 56 пәтерлі, Бәйдібеке 21 пәтерлі, Жетісай және Сарыағаш аудандарында 90 пәтерлі, Келесте 106 пәтерлі, Ордабасы және Шардара аудандарында 120 пәтерлі, Отырар ауданында 50 пәтерлі, Сауранда 64 пәтерлі, Төлеби ауданында 118 пәтерлі, Түлкібаста 68 пәтерлі, Сайрам ауданы, Арыс және Кентау қалаларында 60 пәтерлі тұрғын үйлер бой көтеруде. Сонымен қатар облыс орталығында 1 314 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2024 жылдың соңына дейін 221 үйдің құрылысы аяқталып, 2469 пәтер кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы облыстық құрылыс басқармасының мамандарының да тұрақты бақылауына алынған.
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті. Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі — ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы […]
Түркістан қаласында полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, есірткі қылмысының жолын кесті. Қалалық полиция басқармасының ұйымдасқан жедел-іздестіру іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі заттарын заңсыз тасымалдау және өткізу фактісі анықталды. Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында […]
Түркістан облысында туризм саласын дамыту үшін туристік нысандарға баратын жолдардың жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Айта кетерлігі, Төлеби ауданы туристер көп жиналатын демалыс орындары мол аудан. 2019-2020 жылдары Төлеби ауданындағы Бірінші Мамыр-Жаңажол елді […]
Пікір қалдыру