Сауран ауданында жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – басты назарда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, аудандағы инфрақұрылым мен тарихи туризмді және де экотуризамді дамыту бағытында жұмыстар жүзеге асады.
Сауран ауданында ағайынды Азизбек пен Бахадыр Абдужалиловтар есік дайындайтын шағын цехты іске қосты. Аталмыш өндіріс орнында 60 адам жұмыс істейді. Цех жылына 150 мың есік дайындап шығарады. Заманауи құрылғылармен жабдықталған цех өнімі сапалы әрі бағасы қолжетімді. Кәсіпкерлер алдағы уақытта көрші облыс, қалалардан да тапсырыс қабылдауды жоспарлап отыр.
«Алдағы уақытта цехтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Нартәуекел етіп, бастаған ісіміз өрге басып, сұраныс артып жатыр. Қазір кәсібіміздің арқасында біраз жетістікке жетіп жатырмыз», — дейді ағайынды Абдужалиловтар.
Ел басына түскен қиын сәтте жомарт қолды азаматтар қол ұшын созып, көпке көмегін көрсетуде. Созақ ауданның тумасы, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Мағауия Тұрысбеков 5 жасанды тыныс алу аппаратын алдыруға Түркия еліне тапсырыс берді. Жақын […]
Қазір барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктіріліп, мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс өткізу мерзімі 30%-ға қысқартылды. Бұған дейін мемлекеттік органдар конкурстардың үш түрін жүйелі түрде өткізіп келген болатын. Аталған […]
Түркістан облысы – еліміздің аграрлық әлеуеті жоғары, егін және бақша шаруашылығы дамыған өңірлерінің бірі. Әсіресе, оңтүстік өңірдегі Жетісай ауданы жыл сайын егістік көлемін арттырып, ерте өнім берумен ерекшеленіп келеді. Биыл жетісайлық диқандар 79,3 мың гектар […]
Пікір қалдыру