Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында «TURKISTAN Sky auto fest – 2024» іс-шарасы басталды. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара аясында автокөліктер көрмесі, әуе шарларын ұшыру, қолөнершілердің шеберлік сағаттары, гасторномиялық шоу, концерттік бағдарлама ұсынылды. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, қолөнершілер көрмесін аралады.
Авто фест – бірегей автокөліктер көрмесінде 200-ге жуық ретро және тюнингтелген автокөліктердің эксклюзивті модельдері қойылды. Қонақтар әртүрлі дәуірлер мен стильдердегі машиналарды тамашалап, автошоулар мен байқауларға қатысты. Автокөліктердің ерекше дизайндары, аудиожүйесі мен тюнинг жұмыстарына арналған байқау өтті. Көрермендердің дауыс беруі арқылы ең үздігі анықталып, мараратталды.
Сонымен қатар фестивальде әуе шарларының шоуы, параплан және дельтаплан көмегімен әсерлі түтіндер шоуы ұйымдастырылды. Жаппай аспанға көтерілген шарлар қонақтарға ерекше сезім қалдырғаны анық. Әуе шарын тек тамашалап қоймай, ұшу мүмкіндігі де қарастырылды.
Қоленершілер керамика, ағаш және былғарыдан ұлттық бұйымдар жасау, кілем тоқу, қыш құмыралар дайындау бойынша интерактивті сабақтар өтті.
Тағамдар көрмесінде жергілікті дәмханалар мен мейрамханалар өздерінің тағамдарын ұсынып, аспаздар тамақ пісіруден мастер-класс көрсетті.
Аниматорлар, акробаттар мен от шоуы туристік шараны әсерлендіре түсті. Келушілер түрлі ойындарға, викториналарға қатысып, уақытты қызықты өткізді.
Іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Концертті танымал DJ Shami, DJ Macarella және хэдлайнер Adil жандандырды. Фестиваль екі күнге жоспарланған.
Түркістан облысында ауыз су саласына 2023 жылы 70 нысанның құрылысына бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлініп, 36 нысан құрылысы аяқталды, қалған 34 нысан 2024 жылға өтпелі болды. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылды, 9 елді […]
Түркістан облысында өндіріс орындарының саны артып келеді. Өңірдің еңбекқор халқы кіші, орта, отбасылық кәсіпті жандандыруға бет бұрған. Жергілікті кәсіпкерлер шет мемлекеттерден тәжірибе жинап, өндірісте үздік технологияларды пайдаланып жатыр. Инвесторлар тарту жұмыстары да қарқын алды. Түркістан […]
Түркістан облысы Түлкібас ауданында жылыту маусымының қарсаңында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бастау алды. Осыған орай, Түлкібас ауданы әкімдігінің жанынан құрылған төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы М.Жанесен бастаған жұмысшы топ жылыту маусымындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында […]
Пікір қалдыру