Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейлі 63 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті. Бұл шара оның талантын бағалаушылардың, қазақ мәдениеті мен өнерін сүйетіндердің басын қосты.
Кеш Әбдіхалық Әбдірайымұлының өмірі мен шығармашылығының жарқын сәттерін ұсынған бейнероликпен басталды. Шығармашылық жиынға Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев қатысып, кеш иесіне ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ облыс әкімінің «Құрмет» ордені мен құттықтау хаттарын табыстады.
Жүрек тебірентер шығармаларымен көпшіліктің жүрегіне жол тапқан Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейтойына жиналғандардың қарасы қалың болды. Жиналған халықтың барлығы актерлердің шеберлігіне тәнті болып, қазақ мәдениетінің рухын сезіне білді. «Шымкент шоу» әртістері әзіл-оспақ, театр және музыкалық қойылымдардың қайталанбас үйлесімін көрсетіп, ерекше көңілді атмосфераны қалыптастырды. Көрермендер әлеуметтік мәселелермен қаныққан көріністерді көріп, күлкіге қарық болды. Кеш соңында «Шымкент шоу» бағдарламасына қатысушылар қолдау көрсетіп, ықылас танытқан көрермендерге алғысын білдірсе, ақын өз кезегінде өз шығармашылығымен бөлісуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Көрермендерге жаңа кездесулер мен жақсы әсер алып, жүздерінде күлкі, жүректерінде шабыт орнады.
Айта кетейік, Әбдіхалық Әбдірайымұлы – қазақ өнеріндегі ең жарқын тұлғалардың бірі. Оның шығармашылығы терең этникалық тамырмен, қазақ тілінің байлығымен сусындаған. Ал әндері мен өлеңдері қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін, қуанышы мен мұңын, арман-тілектерін бейнелейді. Республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпаз-жүлдегерінің «Тұяғымын тұлпардың», «Сәбит серінің семсер сөздері» атты жыр жинақтары жарық көрген. Елге танымал әндердің авторы. «Шымкент-шоу» театрының Президенті, ҚР Мәдениет қайраткері.
Жас ақындар айтысының мақсаты — айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту, жас ақындардың қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау, олардың көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, төл өнерімізді дәріптеу. Түркістанда «Қала күні» мерекесіне орай, Түркістаным […]
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түркістан қаласында өтетін Жетісай ауданының мәдениет күндері басталды. Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Жетісай көшінің шымылдығы «Этноауыл» аумағында аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің, […]
Түркістанда жаңа спорт нысандарының саны көбейіп келеді. «TURAN» футбол академиясының құрылысы да аяқталуға таяды. Олардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында тұр. Облыс әкімі облыс орталығында салынып жатқан «TURAN» футбол академиясының ғимаратын аралап […]
Пікір қалдыру