Жетісай қаласының 55 жылдығы мен «АLTYN KÚZ – 2024» мерекелік іс-шаралары аясында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің өндірген өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі болып өтті.
Биылғы жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 10,4 млрд теңгеге артып, 112,5 млрд-қа, өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,3 млрд-қа артып, 9,9 млрд теңгеге, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 7,1 млрд теңгеге, ал, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 9,6 млрд-қа артып, 26,2 млрд теңгеге жеткен Жетісай ауданында тіркелген 20 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдерінің 10 мыңға жуығы шаруа қожалықтары.
Шағын және орта бизнес саласында жыл басынан бері 24,1 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, жыл соңына дейін жалпы соммасы 5,7 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 939 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Алдағы жылы тағы 11 жоба арқылы 26,3 млрд теңгенің инвестициясын жүзеге асыру көзделіп отыр.
Ал, ауданның негізгі драйвері саналатын агросекторда еңбек ететін 10 мыңға жуық шаруа қожалығы 9 айда 64,2 млрд теңгенің өнімі өндірсе, салаға тартылған инвестиция көлемі 10,3 млрд теңгеге жеткен.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған 79,3 мың гектар жерінің 41 мың гектарына мақта, 19 мың гектарына бақша, 13,8 мың гектарына мал азықтық өнімдері мен көкөністер, 3,3 гектарға өзге де дақылдар егілген ауданда өнім көлемін ұлғайту мақсатында 321 шаруа қожалығы 1 200 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асыруда. Жыл басынан бері 1,2 гектар жерге жылыжайлар мен парниктер құрылысы салынып, жалпы көлемі 23 гектар жерге жеткен.
Одан бөлек, қаладағы мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындары да ұлттық тағамдар мен мерекелік дастархандарының мәзірін дайындап, келушілерге 150 келі палау тегін тарадылды.
Ауылшауашылығы дамуы және жемістер мен көкөністерге сұраныстың артуы жағдайында зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді интенсивті және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Ол адм денсаулығына әсері болатын белгілі. Сонымен қатар жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің […]
Түркістан облысы полиция департаментінде еліміздің қауіпсіздігі жолында ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл шара полиция қызметінің қауіптілігі мен жауапкершілігін тағы бір мәрте еске салып, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің […]
«Наурыз, Наурыз – күн игі» көркемсөз оқу бейне-байқауына Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 70-ке жуық үміткер қатысты. Қатысушылар шығармаларын әлеуметтік желіге жүктеп, ақтық мәреге жолдама алған. Жастар жарысы жинаған лүпіл санымен қорытындыланды. Барлық байқаулар Turkistan_jastary […]
Пікір қалдыру