Түркі елдерінің астанасы, киелі қаламыз «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын талқыла.
Астанадан арнайы ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» жұмыс тобы келіп, ақсақалдармен, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлерімен және ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Жұмысшы топтың жетекшісі Темір Базарбайұлы заң жобасының Түркістан қаласының дамуына қосар үлесі мен маңыздылығына тоқталып, осыған дейін 45 ұсыныс қаралғанын, оларды талқылап, ең маңыздысын таңдап, әрі қарай дамыту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Бұл заң жобасында қаланың тарихи ескерткіштерін сақтау, туризмді дамыту және қолөнершілерді қолдау – басты бағыттар боп табылады. Сондай-ақ, заң жобасы қабылданғаннан кейін қала инфрақұрылымы жақсарып, халықаралық деңгейде танымалдығы арта түспек.
Айта кетейік, Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысы жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді.
Осыған дейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаламызға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеп, талқылауға салуды тапсырған болатын. Ерекше мәртебе берудің маңыздылығы — Түркістанның тарихи қас-келбетін, ескерткіштері мен мұраларын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуге, туризмі мен қолөнерін, экономиксын дамытуға серпін беріп, жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Бүгінде ҚР Парламентінде арнайы жұмысшы топ құрылып, құрамына депутаттармен қатар бірнеше министрлік өкілдерін қамтыған. Олардың қатарында Нұрлан Әуесбаев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиев, Ұласбек Сәдібеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова бар.
Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістан облысына сапарында берген тапсырмасына және 2023 жылғы 10 сәуірдегі қарарына сәйкес әзірленген. Оны әзірлеуге Түркістан қаласының Түркі мемлекеттері ұйымы мен түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танылуы да негіз болды. Сонымен бірге қаланың тарихи келбетін және оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі, Түркістан қаласының халық санының тез өсуі де негіз болған. Соңғы 6 жылда халық саны 60 мыңға өсіп, қазір 233 мыңнан асты.
Заң жобасын әзірлеу барысында Англия, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан және тағы басқа мемлекеттердің тарихи ескерткіштерін сақтап қалу бойынша тәжірибелері зерттелген. Министрліктің өкілдері Заң жобасы бойынша Түркістан қаласына іссапарға шығып, халықпен кездескен, онда Заң жобасының ережелері, нормалары талқыланды.
Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық […]
Шымкент қаласында тағы бес адамнан короновирус анықталды. Вирус жұқтырғандар 1965 жылы туылған, 2004 жылы туылған, 2007 жылы туылған, 2011 жылы туылған, 2012 жылы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны расталып […]
Заманауи үлгіде жабдықталған кешенде шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей сияқты қысқы спорт түрлерімен жыл бойы айналысуға қажетті барлық жағдай жасалған. Нысанда Италия, Канада, Германия, Финляндия елдерінде шығарылған қондырғылар орнатылған. Арнайы технология алаңның пішінін өзгертуге мүмкіндік […]
Пікір қалдыру