Елімізде «Жібек жолы» туристік теміржол бағыты іске қосылды. Пойыз «Алматы–Түркістан–Ташкент–Алматы» бағыты бойынша жүреді. 16–20 қараша күндері өтетін алғашқы сапарға 115 жолаушы аттанды. Енді туристік пойыз ай сайын қатынайтын болады.
Жолаушыларға жатын орын, үш мезгіл тамақ, қала ішіндегі саяхат ұсынылады. Туристерге ыңғайлы болу үшін барлық экскурсиялар кәсіби гидтердің қатысуымен жүргізіледі. Саяхат – туристік автобустармен қамтамасыз етіледі. Туристер Түркістанды бір күн, Ташкентті екі күн аралайды.
Саяхат барысында туристер Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесіне, Керуен Сарай кешені мен Отырар ауданындағы Арыстан Баб кесенесіне зиярат жасайды. Сондай-ақ, Ташкент қаласындағы Хазрет Имам кешенін, Төле би кесенесін, Әмір Темір және Тәуелсіздік алаңдарын аралайды. Одан бөлек, Ташкент қаласындағы жаңа «Samarkand Darvoza» сауда орталығына бару жоспарланған.
Сапар барысында пойызда түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін арналған vputi.kz мультимедиялық жүйесі қолжетімді болады.
Сондай-ақ, жолаушыларға турдың бағдарламасы мен қалалардың карталары бейнеленген буклеттер ұсынылады. Әрбір жолаушыға естелік ретінде «Түркістан жаңғыру» атты туристік кітап сыйға беріледі.
Түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесіне ие болған Түркістанға саяхаттаушылар саны артқан. Биыл киелі шаһарға 734 мыңға жуық адам табан тіреген. Туристердің дені Түркиядан, Ресейден, Үндістан мен Қытайдан келген,
Тарихы тереңде жатқан Түркістан жылдың қай мезгілінде де қонақтардан босаған емес. Туристер ең алдымен қаланың символына айналған Қожа Ахмет Яссауи кесенесін іздеп келеді. Сондай-ақ «Отырар» қорық музейін тамашалаушылар жетіп артылады.
Киелі шаһар тарихи һәм тылсым орындарға бай. Өңірде 1780 мемлекет қорғауындағы нысан бар. Бұдан бөлек, 40 республикалық, 403 жергілікті маңыздағы ескерткіш есепте тұр. Тарихи өңірге келген туристерден қазынаға 5 млрд 600 млн теңге табыс түскен. Мамандар көрсеткіш жыл соңына дейін артатынын айтты.
Бұл арнайы бағыт Түркістан қаласына келетін туристер санын арттырады сондай-ақ келгісі келетіндердің қызығушылығын туғызады.
Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым […]
«Ұлы дала елі» ғимаратында «Ислам және дәстүр құндылығы – қайырлы ұрпақ, ізгі қоғам кепілі» атты маңызды жиын өтті. Бұл шараның басты мақсаты – Қазақстандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық дәстүрлі құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамда […]
Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір […]
Пікір қалдыру