Елімізде «Жібек жолы» туристік теміржол бағыты іске қосылды. Пойыз «Алматы–Түркістан–Ташкент–Алматы» бағыты бойынша жүреді. 16–20 қараша күндері өтетін алғашқы сапарға 115 жолаушы аттанды. Енді туристік пойыз ай сайын қатынайтын болады.
Жолаушыларға жатын орын, үш мезгіл тамақ, қала ішіндегі саяхат ұсынылады. Туристерге ыңғайлы болу үшін барлық экскурсиялар кәсіби гидтердің қатысуымен жүргізіледі. Саяхат – туристік автобустармен қамтамасыз етіледі. Туристер Түркістанды бір күн, Ташкентті екі күн аралайды.
Саяхат барысында туристер Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесіне, Керуен Сарай кешені мен Отырар ауданындағы Арыстан Баб кесенесіне зиярат жасайды. Сондай-ақ, Ташкент қаласындағы Хазрет Имам кешенін, Төле би кесенесін, Әмір Темір және Тәуелсіздік алаңдарын аралайды. Одан бөлек, Ташкент қаласындағы жаңа «Samarkand Darvoza» сауда орталығына бару жоспарланған.
Сапар барысында пойызда түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін арналған vputi.kz мультимедиялық жүйесі қолжетімді болады.
Сондай-ақ, жолаушыларға турдың бағдарламасы мен қалалардың карталары бейнеленген буклеттер ұсынылады. Әрбір жолаушыға естелік ретінде «Түркістан жаңғыру» атты туристік кітап сыйға беріледі.
Түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесіне ие болған Түркістанға саяхаттаушылар саны артқан. Биыл киелі шаһарға 734 мыңға жуық адам табан тіреген. Туристердің дені Түркиядан, Ресейден, Үндістан мен Қытайдан келген,
Тарихы тереңде жатқан Түркістан жылдың қай мезгілінде де қонақтардан босаған емес. Туристер ең алдымен қаланың символына айналған Қожа Ахмет Яссауи кесенесін іздеп келеді. Сондай-ақ «Отырар» қорық музейін тамашалаушылар жетіп артылады.
Киелі шаһар тарихи һәм тылсым орындарға бай. Өңірде 1780 мемлекет қорғауындағы нысан бар. Бұдан бөлек, 40 республикалық, 403 жергілікті маңыздағы ескерткіш есепте тұр. Тарихи өңірге келген туристерден қазынаға 5 млрд 600 млн теңге табыс түскен. Мамандар көрсеткіш жыл соңына дейін артатынын айтты.
Бұл арнайы бағыт Түркістан қаласына келетін туристер санын арттырады сондай-ақ келгісі келетіндердің қызығушылығын туғызады.
Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерді биыл 3063 оқушы сәтті аяқтады. 11 жыл бойы білім мен тәрбиенің негізін меңгерген жас түлектер үшін бұл күн – үлкен өмірге бастар маңызды қадамның символы. Қала мектептерінде қорытынды емтихандар […]
Түркістанда бұл салада мақта кластерін дамыту, Австралия тәжірибесі негізінде ет кластерін құру, Жібек шаруашылығын дамыту, субтропикалық жылыжай шаруашылығын ұлғайту, қайта өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген. Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,2 […]
Түркістан қаласының жер көлемі – 22,4 мың гектар. 2024 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша халық саны 233 533 адам. Оның экономикалық белсендісі 87873 адам. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің аудан, қалаларын дамыту жұмыстары […]
Пікір қалдыру