Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбекова Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрын алабы халқымен кездесті.
Жиында тұрғындар қала әкіміне өз алғыстарын жеткізді. Айтуларынша, Ғабит Әбдімажитұлы шымшаһарға келгелі, тазалық жұмыстары қолға алынып, сенбіліктер жиі ұйымдастырыла бастапты. Тіпті, президентіміздің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясына да жеке өзі бас болып арнайы келіп қатысып жүр екен.
«Барлығымыз деніміз сау болып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Тазалық бар жерде әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді. Денсаулығымыз мықты болы үшін қоршаған ортаны да таза ұстап, айналамызға қоқыс лақтырмай, әркезде де таза жүрсек болғаны. Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды. Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Тазалық әркезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт. Осыны Базарқақпа тұрғын алабы тұрғындары жіті түсінеді. Сіз де соны ескеріп, әкім болып келгелі біздің таза ауылымызға көптеген көмек беріп жатырсыз. Тротуар салып, абаттандыру жұмыстарына қолұшын бергеніңізге көптен-көп рахмет»,- деді Базарқақпа тұрғын алабы жұртшылығы.
Өз кезегінде қала әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдімажитұлы да, аулаларын таза етіп ұстап, гүлдендіріп отырған Базарқақпа тұрғын алабы тұрғындарына рахмет айтты.
«Адамның сырт келбеті секілді тұрған жері де таза болуы шарт. Сырт келбеттің тазалығы сені ортады әдемі етіп көрсетсе, туған жердің тазалығы адамдар арасындағы абыройынды жоғарылатады. Жан дүниенің тазалығына сенің адалдығын мен мейірімділігін, өтірік айтпайтын шыншылдығын, өзгеге көмектесетін жанашырлығын жатады. Қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанла қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себепті де қаладағы аулаларды тазалау сенбілігі жиі болып тұрады. Барлық шымкенттіктер осыны күн өткен сайын өз жауапкершілігі екенінен көз жеткізіп келе жатқаны қуантады»,-деді Ғабит Сыздықбеков.
Шымкент қаласының әкімі қаланы аралау барысында бірқатар маңызды нысандарды тексеріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Алдымен, шаһар басшысы «Нұрсат-2» шағынауданындағы демеушілер есебінен салынып жатқан жаңа гүлзардың құрылыс барысын […]
Бұл жайлы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың Абай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлім болды. Жиында Шұғыла шағын ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрғынбаев Тоқтамұрат, Қошқар ата өзенінің бүгінгі ахуалы жайлы сөз қозғады. Ақсақалдың айтуынша, Қошқар ата […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қала тұрғындарымен кездесуі барысында, әсіресе Әл-Фараби ауданында, тұрғындар табиғатты қорғау және қала экологиясын жақсарту мақсатында аллеялар мен саябақтарды көбейту туралы ұсыныстарын білдірді. Бұл кездесу қала тұрғындарының экологиялық сауаттылығын арттыру және […]
Пікір қалдыру