Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбекова Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрын алабы халқымен кездесті.
Жиында тұрғындар қала әкіміне өз алғыстарын жеткізді. Айтуларынша, Ғабит Әбдімажитұлы шымшаһарға келгелі, тазалық жұмыстары қолға алынып, сенбіліктер жиі ұйымдастырыла бастапты. Тіпті, президентіміздің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясына да жеке өзі бас болып арнайы келіп қатысып жүр екен.
«Барлығымыз деніміз сау болып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Тазалық бар жерде әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді. Денсаулығымыз мықты болы үшін қоршаған ортаны да таза ұстап, айналамызға қоқыс лақтырмай, әркезде де таза жүрсек болғаны. Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды. Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Тазалық әркезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт. Осыны Базарқақпа тұрғын алабы тұрғындары жіті түсінеді. Сіз де соны ескеріп, әкім болып келгелі біздің таза ауылымызға көптеген көмек беріп жатырсыз. Тротуар салып, абаттандыру жұмыстарына қолұшын бергеніңізге көптен-көп рахмет»,- деді Базарқақпа тұрғын алабы жұртшылығы.
Өз кезегінде қала әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдімажитұлы да, аулаларын таза етіп ұстап, гүлдендіріп отырған Базарқақпа тұрғын алабы тұрғындарына рахмет айтты.
«Адамның сырт келбеті секілді тұрған жері де таза болуы шарт. Сырт келбеттің тазалығы сені ортады әдемі етіп көрсетсе, туған жердің тазалығы адамдар арасындағы абыройынды жоғарылатады. Жан дүниенің тазалығына сенің адалдығын мен мейірімділігін, өтірік айтпайтын шыншылдығын, өзгеге көмектесетін жанашырлығын жатады. Қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанла қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себепті де қаладағы аулаларды тазалау сенбілігі жиі болып тұрады. Барлық шымкенттіктер осыны күн өткен сайын өз жауапкершілігі екенінен көз жеткізіп келе жатқаны қуантады»,-деді Ғабит Сыздықбеков.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нури «Бозарық» индустриялық аймағында қызанақ өсіретін ірі жылыжай кешенінің құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Инвестициялық жобаның құны 650 миллион АҚШ долларын, оның […]
Қауіпсіз әрі таза қала — қашанда болмасын қонақтарды баурап алады. Барлық адам жан дүниесінің тыныштығы мен эстетикалық күйді қалайтыны белгілі. Мұндай жағымды әсерді тазалық пен қауіпсіздік беретіні айдан анық. Туристердің де іздегені осы. Қауіпсіз әрі […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасы Сиань қаласына барды. Сиань — әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы, сондай-ақ Шымкент қаласының бауырлас қаласы. Өткен жылғы сапар аясында Қазақстан […]
Пікір қалдыру