Шымкент — шырайлы, көрікті қала. Күн санап ажарланып келе жатқан миллионды шаһарда түрлі ғимараттар салынып, көшелердің жарықшамдары жарқырап тұрады. Қала аумағы ұлғайған сайын, көшелердің де саны артып келеді. Жаңадан қосылған көшелерге жарықшамдар кезеңімен орнатылу үстінде. Әр ауданның орталық көшелері толығымен жарықтандырылған. Ал шет аймақтағы елді мекендер алдағы жылда толық жарқырайтын болады.
Жарықтандыру бойынша қазіргі таңда Еңбекші ауданы аумағында 117 көше жарықтандырылды. Жалпы, 2021 жылы 18 көше жарықтандырылса, ал мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2022 жылы әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылды. 2023 жылы 28 көше жарықтандырылды.
2024 жылға 244 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 129 көшеге жарықшамдар орнатылып, іске қосылуда. 115 көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ирригация бойынша аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 57 мекен-жай анықталған.
Атақарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, 2022 жылы су алу қауіпі жоғары 21 мекен-жайларға ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылды. Ал, 2023 жылы 19 мекен-жайға ұзындығы 8,1 шақырым ирригациялық арықтарды орнату жұмыстарын мердігер мекемелер «Маверикс», «Сәтті құрылыс» ЖШС-тері жүргізді.
Ауданда ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы (73,1%) асфальт, 158,38 шақырымы (21,6%) тас, 38,76 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.
Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен, 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделсе, 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өтті.
Ал 2024 жылға ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарлануда. Қазіргі таңда 24 көшеде жұмыстар аяқталды. Қалған көшелерді асфальттау үшін мердігер мекемелер анықталды. Жұмыстар 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, 23 көшеге («Сәтті Құрылыс НС» ЖШС ұзындығы 10,3 шақырым аяқ жол салды.
2024 жылдан бастап Шымкент қаласының маслихат шешімімен ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жүргізіледі. Қазіргі таңда 5 көшеге ирригациялық арықтар орнатылды.
Елорда күні қарсаңында Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Жобалардың жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. 140 адамды жұмыспен қамтыған өндіріс орындарының ашылуы онлайн форматта өтті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ашылу салтанатына […]
Қытайдың Сиань қаласында шымкентттіктерге дәмді тағамдарымен кеңінен танымал «Жеті тандыр» дәмханасы ашылатын болады. Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов хабарлады. Сианьдағы халықаралық орталықта іргетасы қаланып жатқан «Жеті тандыр» дәмханасы 2-3 айда өз жұмысын […]
Әлемде шахмат – ақыл-ойды дамытатын спорт түрі болып саналады. Бүгін бір айдан бері республика өңірін аралап келе жатқан «Шахмат керуені» Шымкентке келді. 10 қыркүйекте жолға шыққан керуен бұған дейін Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Семейден бастап, […]
Пікір қалдыру