Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы индустриялды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Өндіріс орнының жалпы инвестициялық құны 35,0 млрд.теңге құрайды.
Қазіргі таңда зауытта әкімшілік ғимараты (әкімшілік, асхана, жатақхана), жүгеріні терең өңдеу зауыты, дән сақтау және дайын өнімді сақтау қоймасы салынуда. Жоба іске асырылған уақытта Жалпы қуаттылығы 150 000,0 тонна жүгері өңдеп, оның ішінде: крахмал,глютен жүгері сечкасы,жүгері ұрығы таңы да басқа 27 түрлі өнім шығару жоспарлануда.
Қазіргі кезде 70 адам уақытша жұмыс орнымен қамтылған. Зауытты 2025 жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр.
Дайын өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан елдеріне және «Рахат», «Хамле», «Гарлсберг Казахстан», «ЭРДЖИ Брэндс», «Маслодел», «Ақсайнан», «Алинекс» компанияларына өткізіледі.
Жоспар бойынша кәсіпорын толық іске қосылған жағдайда, тұрақты 500 адамға жұмыс орны ашылуы күтілуде.
Шардара қаласы тұрғындары Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен қарсы алды. «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты ауқымды іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған тағылымды мерекеге айналды. Салтанатты жиынға аудан әкімі Арман […]
Шардара ауданының ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның айғағы ретінде Көксу ауылдық округіндегі «Темірқазық» шаруа қожалығының егістік алқабында ұйымдастырылған семинар-кеңесті атауға болады. Семинарда «Аватар» ауыл шаруашылығы технологиясы» компаниясы күріш егу […]
2025 жылғы 6 мамырда Шардара ауданында қоғамдық көліктердің жаңартылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудандық мәдениет сарайы алдындағы алаңда өткен бұл мерекелік жиынға аудан әкімі Арман Қарсыбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудан прокуроры Алмас Әлі, […]
Пікір қалдыру